Ақтау порты контейнерлік тасымалдау бойынша рекордты жаңартты

© Photo : акимат Мангистауской области Ақтау порты
Ақтау порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Жазылу
Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 80%-ға артық
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Ақтау порты контейнерлік тасымалдау бойынша рекордты жаңартты, деп хабарлады Қазақстан темір жолы.
2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы 10 186 TEU ауыстырып тиелді. Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңі көрсеткішінен 80%-ға артық.
"Қол жеткізілген нәтиже порт үшін жаңа рекордтық көрсеткіш болды және Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсімін көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Оң динамикаға ТХКБ бойынша жүк ағыны көлемінің ұлғаюы, маршрутта контейнерлік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жүктерді теміржол және порттық өңдеу мүмкіндіктерін кеңейту ықпал етіп отыр.
Бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
"Қазақстан темір жолы" астық тиеу бойынша рекорд орнатты
Жаңалықтар
0