Видео

Атыраудағы сауда үйінде әйелдер әжетханасына кірген жігітке айыппұл салынды

Дәретхана
Дәретхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
21 жастағы ер адам қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Атырауда сауда үйінде 21 жастағы жігіт әйелдер әжетханасына кіріп алған, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда әйел адамның жігітті сұрақтың астына алып жатқанын көруге болады. Сондай-ақ ер адамның әйелдер әжетханасында тұрғаны түсірілген. Оқиға 24 қазанда Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде болған.
"21 жастағы ер адам қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Қоғамдық орында болған ер адам айналасындағыларға құрметсіздік танытып, құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген", - дейді полицияда.
Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотта қаралғанға дейін ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы бөлмеге қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Қарағандылық зейнеткер көршісін ғайбаттағаны үшін 500 мың теңгеге жуық айыппұл төледі
Жаңалықтар
0