Қарағандылық зейнеткер көршісін ғайбаттағаны үшін 500 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

© Sputnik / Абзал КалиевАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Жазылу
Учаскелік инспектор тұрғындарды аралап, өсек айтқан әйелді тауып алған
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қарағандыда көршісіне жала жапқан әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қарағандыда 66 жастағы зейнеткер көршісін өсектегегі үшін 484 мың теңге айыппұл төледі.
"34 жастағы қала тұрғыны өзі туралы "басқа ер адамнан бала туып алған" деген жалған қауесет таратқан көршісінің үстінен полицияға шағымданған. Учаскелік инспектор тұрғындарды аралап, өсек айтқан әйелді тауып алған", - дейді полицияда.
Жала жапқан 66 жастағы көршісі кінәсін мойындаған.
Сот шешімімен оған 484 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қарағанды облысында депутат жиналыс кезінде темекі шеккені үшін айыппұл арқалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Видео
Қарағанды облысында депутат жиналыс кезінде темекі шеккені үшін айыппұл арқалады
Жаңалықтар
0