https://sputnik.kz/20261027/alatauda-zaulim-gimarattyn-qurylysy-bastaldy-68002717.html
Алатауда зәулім ғимараттың құрылысы басталды
Алатауда зәулім ғимараттың құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Инвестиция көлемі 800 млн доллардан асады 27.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-27T12:20+0500
2026-10-27T12:20+0500
2026-10-27T12:21+0500
үкімет
қала
ғимарат
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/1b/67997162_59:0:1235:662_1920x0_80_0_0_d01ef449b482d0e002007d438bd11b69.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимарат – Iconic Complex көпфункционалды кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Екі мұнараға - 800 млн долларЖаңа кешен іскерлік орталықтағы негізгі нысандардың бірі болады. Инвестиция көлемі 800 млн доллардан асады. Екі мұнараның биіктігі 272 және 78 метр болады. Мұнда кеңселер, тұрғын үй, қонақүй, сауда орындары мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, құрылыс сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Қазақстандық компаниялар мен мамандар да тартылуы қажет."Iconic Complex жобалау мен құрылыс сапасының жаңа стандартын қалыптастырып, Алатаудың заманауи қала ретінде дамуына үлес қосады деп сенеміз. Жоба белгіленген мерзімде, сапа мен қауіпсіздіктің жоғары талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс", — деді Бозымбаев.Сонымен қатар арнайы құқықтық режим аясында халықаралық сарапшыларды тарта отырып, жобалау құжаттамасына тәуелсіз техникалық сараптама жүргізіледі.Iconic-ті кім саладыIconic Complex жобасының бас мердігері – China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясы. Ал кешеннің сәулеттік тұжырымдамасын америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) сәулет бюросы әзірледі. Құрылысты 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.Биыл тоғыз айдың ішінде Алатау қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1,6 есеге өсіп, 70,3 млрд теңгеге жетті. Жалпы қаланың инвестициялық портфелінде құны шамамен 6,9 млрд долларды құрайтын 67 жоба бар. Оларды жүзеге асырудың нәтижесінде 55 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.Инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен қатар қаланың инфрақұрылымы да дамып келеді. Қазіргі уақытта резервтен 35,3 млрд теңге бөлінген 28 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, "Көкпа-1" қосалқы стансасы қайта жаңғыртылды.Бұдан бөлек, сумен жабдықтау нысандары салынып, автомобиль жолдары жөнделіп жатыр. Осының нәтижесінде жаңа кәсіпорындарды іске қосуға және құрылыс жұмыстарын одан әрі жүргізуге қажетті жағдай жасалады.
https://sputnik.kz/20260602/alatau-qalasy-qurylysynyn-negizgi-qagidalary-zhana-konstitutsiyaga-engizildi--toqaev-63878963.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/1b/67997162_180:0:1099:689_1920x0_80_0_0_6137947881cf249824c51fb8cc3337cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қала, ғимарат
Алатауда зәулім ғимараттың құрылысы басталды
12:20 27.10.2026 (жаңартылды: 12:21 27.10.2026) Инвестиция көлемі 800 млн доллардан асады
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимарат – Iconic Complex көпфункционалды кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Екі мұнараға - 800 млн доллар
Жаңа кешен іскерлік орталықтағы негізгі нысандардың бірі болады. Инвестиция көлемі 800 млн доллардан асады. Екі мұнараның биіктігі 272 және 78 метр болады. Мұнда кеңселер, тұрғын үй, қонақүй, сауда орындары мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.
Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, құрылыс сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Қазақстандық компаниялар мен мамандар да тартылуы қажет.
"Iconic Complex жобалау мен құрылыс сапасының жаңа стандартын қалыптастырып, Алатаудың заманауи қала ретінде дамуына үлес қосады деп сенеміз. Жоба белгіленген мерзімде, сапа мен қауіпсіздіктің жоғары талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс", — деді Бозымбаев.
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Алатауда Iconic Complex-тің құрылысы басталды
Сонымен қатар арнайы құқықтық режим аясында халықаралық сарапшыларды тарта отырып, жобалау құжаттамасына тәуелсіз техникалық сараптама жүргізіледі.
Iconic Complex жобасының бас мердігері – China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясы. Ал кешеннің сәулеттік тұжырымдамасын америкалық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) сәулет бюросы әзірледі. Құрылысты 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Биыл тоғыз айдың ішінде Алатау қаласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 1,6 есеге өсіп, 70,3 млрд теңгеге жетті. Жалпы қаланың инвестициялық портфелінде құны шамамен 6,9 млрд долларды құрайтын 67 жоба бар. Оларды жүзеге асырудың нәтижесінде 55 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен қатар қаланың инфрақұрылымы да дамып келеді. Қазіргі уақытта резервтен 35,3 млрд теңге бөлінген 28 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, "Көкпа-1" қосалқы стансасы қайта жаңғыртылды.
Бұдан бөлек, сумен жабдықтау нысандары салынып, автомобиль жолдары жөнделіп жатыр. Осының нәтижесінде жаңа кәсіпорындарды іске қосуға және құрылыс жұмыстарын одан әрі жүргізуге қажетті жағдай жасалады.