Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді – Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев выступил на совещании по развитию города Алатау  
Токаев выступил на совещании по развитию города Алатау
  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Alatau city жобасы жан-жақты зерделеніп, пысықталды
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Алатау қаласы құрылысының негізгі қағидалары жаңа Конституцияға енгізілді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы дамыту жөніндегі отырыста мәлімдеді.
"Баршаңызға мәлім, мен осыдан екі жыл бұрын болашақ қаласы – Алатау шаһарын салу туралы шешім қабылдадым. Бұл жобаның тұтас еліміз үшін стратегиялық маңызы зор", - деп атап өтті ол.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Alatau city жобасы жан-жақты зерделеніп, пысықталды.
"Жалпы, әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, дәл осы болашақ қалаларын салу арқылы ел дамуын жаңа сапалық деңгейге көтеруге зор мүмкіндік туады. Мысалы, Дубай, Шэньчжэнь, Инчхон, тағы да бірқатар қаланың сәтті жобалар екені баршаға мәлім. Сол себепті біз де Alatau city жобасына зор үміт артып отырмыз. Бұл істе ең алдымен құқықтық сұрақтарды, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу қажет", - деді президент.
Жаңалықтар
0