Көкшетауда жанармай станциясынан бензин құйған 15 көлік жолда тоқтап қалған

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.10.2026
Жазылу
Барлық көлік жанармай жүйесін тазарту үшін техникалық қызмет көрсету станцияларына жіберілді
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Көкшетау қаласында жанар-жағармай станциясынан бензин құйған көліктер жүре алмай қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушілері Зеренді тас жолына шығатын жерде бензин құйған. Бірақ алысқа ұзай алмады. Біреулер жанар-жағармай станциясының аумағында от алмай қалса, қалғандары жолдың бойында өшіп қалған. Көлік жүргізушілер қалаға жаяу қайтуға мәжбүр болды.
Қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі бұл оқиғаны растады. Жанар-жағармай станциясының өзі ұсынған ақпарат бойынша 15 көлік анықталды. Барлығы сапасыз бензиннің салдарынан от алмай қалған.
"Барлық көлік жанармай жүйесін тазарту үшін техникалық қызмет көрсету станцияларына жіберілді. Ал көлік жүргізушілеріне кепілхаттар тапсырылды", - дейді әкімдік мамандары.
Кепілхаттың негізінде жанар-жағармай станциясының басшылығы шығынды өтеп береді.
Архивное фото вооруженного мужчины  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
0