Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды (ВИДЕО)

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивное фото вооруженного мужчины
Архивное фото вооруженного мужчины  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
Қысқа уақыт ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адам анықталды
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Алматы облысында жанармай құю бекетіне қарулы шабуыл жасалды. Күдіктілер дереу ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Күдіктілер бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
"Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда Жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыты бойынша бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдауға кірісті. Қысқа уақыт ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адам анықталды", – деп хабарлады полиция.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Жаңалықтар
0