Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирін екінші жыл қатарынан жеңіп алды

© sports.kzЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2026
Жазылу
Турнирдегі жеңісі үшін қазақстандық спортшы рейтингтік 500 ұпайға ие болды
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Әлемнің бірінші ракеткасы Рыбакина финалда Канада өкілі, әлемдік рейтингтің 30-сатысында тұрған Лейла Фернандеспен кездесті.
"Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, Рыбакина Нинбода 2025 жылы жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап қалды", - деп жазылған хабарламада.
Турнирдегі жеңісі үшін қазақстандық спортшы рейтингтік 500 ұпайға ие болды.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Жаңалықтар
0