https://sputnik.kz/20260914/elena-rybakina-resmi-turde-alemnin-birinshi-raketkasy-atandy-66607888.html
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Sputnik Қазақстан
US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф та таласқан болатын 14.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-14T09:31+0500
2026-09-14T09:31+0500
2026-09-14T09:31+0500
теннис
елена рыбакина
әлем чемпионы
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0e/66605841_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_4689e685bf59010a48d8a2bd86bb310c.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады.Қазақстанның теннис федерациясы хабарлауынша, рейтинг жаңартылғаннан кейін қазақстандық теннисшінің еншісінде 9 901 ұпай бар.Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула 7 265 ұпаймен түйіндеп тұр.Федерация мәліметінше, бірінші орын үшін күресте US Open-2026 шешуші турнир болды."Қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шығуы Рыбакинаға турнирдің кейінгі нәтижелеріне қарамастан әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты қамтамасыз етті. US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф та таласқан болатын", - дейді федерацияда.Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін иеленіп қана қоймай, турнирді чемпиондық атақпен аяқтады.Сондай-ақ ол ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.
https://sputnik.kz/20260910/toqaev-elena-rybakinany-alemnin-birinshi-raketkasy-atanuymen-quttyqtady-66521646.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0e/66605841_129:0:1029:675_1920x0_80_0_0_80ac1008a58beca28ac99b7799243a79.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис, елена рыбакина, әлем чемпионы
теннис, елена рыбакина, әлем чемпионы
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды
US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф та таласқан болатын
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде ресми түрде көш бастады.
Қазақстанның теннис федерациясы хабарлауынша, рейтинг жаңартылғаннан кейін қазақстандық теннисшінің еншісінде 9 901 ұпай бар.
"Рыбакина екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, 7 875 ұпаймен екінші сатыда тұрған Арина Соболенкодан озды. Теннисшілер арасындағы айырмашылық 2 026 ұпайды құрайды", - деп жазылған хабарламада.
Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула 7 265 ұпаймен түйіндеп тұр.
Федерация мәліметінше, бірінші орын үшін күресте US Open-2026 шешуші турнир болды.
"Қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шығуы Рыбакинаға турнирдің кейінгі нәтижелеріне қарамастан әлемдік рейтингтегі көшбасшылықты қамтамасыз етті. US Open басталған кезде бірінші орынға Арина Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф та таласқан болатын", - дейді федерацияда.
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін иеленіп қана қоймай, турнирді чемпиондық атақпен аяқтады.
"Финалда ол Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді. Бұл Еленаның US Open турниріндегі алғашқы және мансабындағы "Үлкен дулыға" жарыстарындағы үшінші титулы болды. Осылайша, 27 жастағы Елена Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген 30-шы теннисші атанды", - деп хабарлады федерацияда.
Сондай-ақ ол ерлер мен әйелдер арасында жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.