Видео

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

© Скриншот видео из соцсетейҚарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты
Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2026
Жазылу
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады аймақтық полицияда
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның егжей-тегжейін жариялады.
"24 қазанда Қарағанды ​​облысының Шет ауданында SHACMAN жүк көлігі бақыланбайтын теміржол өткелінде жолаушылар пойызымен соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, пойызбен соқтығысты", - делінген хабарламада.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Бұл оқиға полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Қарағанды облысында адамды пойыз басып кетті
Жаңалықтар
0