https://sputnik.kz/20261025/aqtobede-ayel-ozgenin-paterin-62-mln-tengege-satyp-zhibergen-67963831.html
Ақтөбеде әйел өзгенің пәтерін 6,2 млн теңгеге сатып жіберген
Ақтөбеде әйел өзгенің пәтерін 6,2 млн теңгеге сатып жіберген
Sputnik Қазақстан
Баспана иесі бұл кезде Атырау облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан 25.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-25T16:51+0500
2026-10-25T16:51+0500
2026-10-25T16:51+0500
атырау облысы
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:214:1280:934_1920x0_80_0_0_697c8484b647bcd21f2341d905ef10ab.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Ақтөбе қаласында әйел басқа адамның пәтерін 6,28 млн теңгеге сатып жіберген, деп жазды "Диапазон" басылымы.Оқиға былай өрбіген. Ақтөбелік ер адам бір іс-шарада Мәдина есімді әйелмен танысып, оған пәтер сатып алғысы келетінін айтқан. Әйел бірден Есет батыр тұрғын алабында екі бөлмелі пәтері бар екенін айтып, оны 6 млн 280 мың теңгеге бағалаған. Ер адамға баспана ұнаған. Бір аптадан кейін ол ақшаны толық төлеп, пәтерге ата-анасын көшіріп әкелген. Алайда сатушы сатып алу-сату шартының орнына жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру актісін берген.2026 жылдың қаңтарында пәтерге белгісіз әйел келіп, өзін баспананың иесі ретінде таныстырған. Кейін ол сот арқылы жаңа тұрғындарды пәтерден шығарған. Пәтер шынымен де осы әйелге тиесілі екені белгілі болды. Ол Атырау облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан кезде кілттерін танысына қалдырған. Жазасын өтеу мерзімін кейінге шегеру туралы рұқсат алған соң үйіне оралмақ болғанда, пәтерінде бөтен адамдар тұрып жатқанын көрген.Сотта Мәдина кінәсін мойындады. Ол сатып алушыдан алған миллиондаған теңгені жұмсап қойғанын және ақшаны қайтара алмайтынын айтқан. Сондай-ақ әйелдің бұған дейін де алаяқтық үшін сотталғаны анықталған. Сол кезде балалары болғандықтан, оған жазасын өтеу кейінге шегерілген.Бұл жолы сот оны нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда жазаны өтеу тағы да кейінге қалдырылды. Әйел сот үкімі жарияланғаннан кейін сот ғимаратынан бостандыққа шықты.
https://sputnik.kz/20261013/zhalgyzbasty-bolgan-almatyda-zhumbaq-zhagdayda-qaza-bolgan-er-adam-turaly-korshileri-aytty-67530684.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, алаяқ, алаяқтық
атырау облысы, алаяқ, алаяқтық
Ақтөбеде әйел өзгенің пәтерін 6,2 млн теңгеге сатып жіберген
Баспана иесі бұл кезде Атырау облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Ақтөбе қаласында әйел басқа адамның пәтерін 6,28 млн теңгеге сатып жіберген, деп жазды "
Диапазон" басылымы.
Оқиға былай өрбіген. Ақтөбелік ер адам бір іс-шарада Мәдина есімді әйелмен танысып, оған пәтер сатып алғысы келетінін айтқан. Әйел бірден Есет батыр тұрғын алабында екі бөлмелі пәтері бар екенін айтып, оны 6 млн 280 мың теңгеге бағалаған. Ер адамға баспана ұнаған. Бір аптадан кейін ол ақшаны толық төлеп, пәтерге ата-анасын көшіріп әкелген. Алайда сатушы сатып алу-сату шартының орнына жылжымайтын мүлікті қабылдау-тапсыру актісін берген.
2026 жылдың қаңтарында пәтерге белгісіз әйел келіп, өзін баспананың иесі ретінде таныстырған. Кейін ол сот арқылы жаңа тұрғындарды пәтерден шығарған. Пәтер шынымен де осы әйелге тиесілі екені белгілі болды. Ол Атырау облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан кезде кілттерін танысына қалдырған. Жазасын өтеу мерзімін кейінге шегеру туралы рұқсат алған соң үйіне оралмақ болғанда, пәтерінде бөтен адамдар тұрып жатқанын көрген.
Сотта Мәдина кінәсін мойындады. Ол сатып алушыдан алған миллиондаған теңгені жұмсап қойғанын және ақшаны қайтара алмайтынын айтқан. Сондай-ақ әйелдің бұған дейін де алаяқтық үшін сотталғаны анықталған. Сол кезде балалары болғандықтан, оған жазасын өтеу кейінге шегерілген.
Бұл жолы сот оны нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда жазаны өтеу тағы да кейінге қалдырылды. Әйел сот үкімі жарияланғаннан кейін сот ғимаратынан бостандыққа шықты.