"Жалғызбасты болған": Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған ер адам туралы көршілері айтты

© Photo : Polisia.kz"Жалғызбасты болған": Алматыда жұмбақ жағдайда қаза болған ер адам туралы көршілері айтты
Жалғызбасты болған: Алматыда жұмбақ жағдайда қаза болған ер адам туралы көршілері айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Басына пакет кигізіп алып шыққан бейнекамерадағы жазбаны бірінші болып көрші әйел көрген
АЛМАТЫ, 13 қазан - Sputnik. Алматыда жұмбақ жағдайда қаза болған 61 жастағы ер адамның өліміне қатысты көршілері мән-жайды айтты. Марқұм ешкімге зияны жоқ, жалғызбасты адам болған дейді олар. Бұл туралы "7 арна" жазды.
Көпқабатты үйдің камерасына түсіп қалған бейнежазба қоғамның талқысына түсті. Онда белгісіз біреудің ер адамның басына пакет кигізіп, иығына салып көтеріп шығып бара жатқанын көруге болады. Көпшілікке күдік тудырған бейнежазбадағы көрініс шынымен адамның мәйіті болғанын полиция кейіннен растады.

Бейнекамерадағы жазбаны бірінші болып көрші әйел көрген. Пошта жәшігінің кілтін жоғалтып алған әйел бейнекамера арқылы іздеген. Күдіктілер 29 қыркүйекте үйге кіріп, 30 қыркүйекте ер адамның басына пакет кигізіп, көтеріп шыққан.

Көршісінің айтуынша, марқұм ешкіммен ісі жоқ, тыныш қана өмір сүрген.

"Тыныш өмір сүрген адам, ешкіммен шаруасы жоқ. Күн сайын дүкенге баратын, жалғызбасты. Біз сенбі күні пәтерден заттар шығарып жатқанын көрдік. Содан кейін бейнекамераны қарадық. Онда ер адамды иығына қой сияқты көтеріп салып, шығып бара жатқанын көрдік. Пәтерді өз аттарына жазып алғаны анық", - дейді көршісі Надежда Сычева.

Марқұм бұл пәтерде ұзақ жыл тұрған, ешкіммен араласпаған. Сыртқа тек дүкенге барған кезде ғана шыққан.
"Ол ешкімді мазаламайтын. Өте жалғыз болды. Бір өзі ғана жүретін", - деді тағы бір көршісі Ирина Лимарева.
Оның айтуынша, кісі өлтіруден біраз уақыт бұрын белгісіз адамдар кіреберісті тексеріп, содан кейін бесінші пәтердің пошта жәшігінің кілттері жоғалып кеткен. Кейінірек тұрғындар Сергейдің пәтері сатылып кеткені естіген.
Алматы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов төрт адамның ұсталғанын растады.

"Қылмыстың мән-жайы, күдіктілер және олардың жәбірленушінің пәтерін заңсыз иемденуге қатысуы анықталды. Төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Науатов.

Тергеу үшін ішкі істер министрлігі арнайы жедел тергеу тобын құрды. Іс министрдің жеке бақылауында.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Видео
Басына пакет кигізіп алып шықты: Алматыда ер адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар
0