Видео

Басына пакет кигізіп алып шықты: Алматыда ер адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Бұған дейін пәтерлердің бірінен тұрғынды сыртқа алып шығу әдісі көршілерінің күдігін тудырған болатын
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады.
Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің кім екені және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар болуы мүмкін екені анықталды.
"Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді полиция.
Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Тергеу барысы министрдің жеке бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін көп қабатты үйлердің бірінен басына пакет кигізілген адамның сыртқа алып шығу әдісі камераға түсіп қалған болатын. Бейнежазба ер адамның көршілерінің күдігін туғызған. Олар қылмыскерлердің марқұмның пәтерін заңсыз иемденіп алуы мүмкін екендігін де айтқан.
Тұрғын үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2026
Видео
Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды
Жаңалықтар
0