https://sputnik.kz/20261024/tarazda-temirzhol-vokzaly-zhanartyldy-67936208.html
Таразда теміржол вокзалы жаңартылды
Таразда теміржол вокзалы жаңартылды
Sputnik Қазақстан
Вокзал арқылы күніне 2,4 мыңға жуық жолаушы өтеді 24.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-24T18:58+0500
2026-10-24T18:58+0500
2026-10-24T18:58+0500
экономика
тараз
теміржол
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/18/67935333_0:147:2560:1587_1920x0_80_0_0_b9c502b77275db69124745090134d729.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында 1986 жылы салынған Тараз теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Жоба жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".Қайта жаңғырту барысында вокзалдың екі қабатты ғимараты толық жаңартылды. Қазір оның жалпы ауданы 3 035 шаршы метрді құрайды. Жұмыстар ғимараттың қасбеті мен шатырын, ішкі бөлмелерін, инженерлік желілерін, перронды және оған іргелес аумақты қамтыды.Вокзалдың сыртқы қаптамасына травертин қолданылып, жертөле бөлігі отандық өндірістегі гранит плиталармен әрленген. Сонымен қатар энергия үнемдейтін әйнектері бар жаңа терезелер мен алюминий витраждар орнатылды.Ішкі бөлмелерді әрлеу кезінде заманауи, жанбайтын материалдар пайдаланылған. Ғимаратқа дыбыс өткізбейтін төбелер орнатылып, еденге төзімді жабын төселді. Жаңартылған инженерлік шешімдер вокзалдың энергия тиімділігін арттырып, ғимараттың ұзақ мерзімді пайдаланылуына мүмкіндік береді.Тараз теміржол вокзалы бірінші класқа жатады. Орташа есеппен тәулігіне 2 444 жолаушыға қызмет көрсетеді.Станция арқылы Қазақстанның Алматы, Астана, Қарағанды, Семей, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Орал, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл және Сарыағаш қалаларына қатынайтын, сондай-ақ Ресей қалаларымен байланысты қамтамасыз ететін 36 жолаушылар пойызы өтеді.Жобаны "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өз қаражаты есебінен жүзеге асырды. Жұмыстарға Қазақстан Үкіметі, көлік министрлігі, "Самұрық-Қазына" қоры және Жамбыл облысы әкімдігі қолдауы көрсетті.
https://sputnik.kz/20260820/qazaqstanda-72-temirzhol-vokzaly-zhanartyldy-65880665.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/18/67935333_0:0:2560:1920_1920x0_80_0_0_90f5467a561c392f22b7eccc619e4025.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, теміржол
Таразда теміржол вокзалы жаңартылды
Вокзал арқылы күніне 2,4 мыңға жуық жолаушы өтеді
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында 1986 жылы салынған Тараз теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Жоба жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Қайта жаңғырту барысында вокзалдың екі қабатты ғимараты толық жаңартылды. Қазір оның жалпы ауданы 3 035 шаршы метрді құрайды. Жұмыстар ғимараттың қасбеті мен шатырын, ішкі бөлмелерін, инженерлік желілерін, перронды және оған іргелес аумақты қамтыды.
Вокзалдың сыртқы қаптамасына травертин қолданылып, жертөле бөлігі отандық өндірістегі гранит плиталармен әрленген. Сонымен қатар энергия үнемдейтін әйнектері бар жаңа терезелер мен алюминий витраждар орнатылды.
Ішкі бөлмелерді әрлеу кезінде заманауи, жанбайтын материалдар пайдаланылған. Ғимаратқа дыбыс өткізбейтін төбелер орнатылып, еденге төзімді жабын төселді. Жаңартылған инженерлік шешімдер вокзалдың энергия тиімділігін арттырып, ғимараттың ұзақ мерзімді пайдаланылуына мүмкіндік береді.
Тараз теміржол вокзалы бірінші класқа жатады. Орташа есеппен тәулігіне 2 444 жолаушыға қызмет көрсетеді.
Станция арқылы Қазақстанның Алматы, Астана, Қарағанды, Семей, Павлодар, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Орал, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл және Сарыағаш қалаларына қатынайтын, сондай-ақ Ресей қалаларымен байланысты қамтамасыз ететін 36 жолаушылар пойызы өтеді.
Жобаны "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өз қаражаты есебінен жүзеге асырды. Жұмыстарға Қазақстан Үкіметі, көлік министрлігі, "Самұрық-Қазына" қоры және Жамбыл облысы әкімдігі қолдауы көрсетті.