Қазақстанда 72 теміржол вокзалы жаңартылды

© Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстанда теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр
Қазақстанда теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026
Жазылу
2026 жылы республикада 124 вокзалдың 121-ін реконструкциялау жоспарланып отыр
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 124 теміржол вокзалын реконструкциялау бойынша ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
© Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстанда теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр
Вокзалы модернизируют в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026
Қазақстанда теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр
Қазіргі уақытта 17 облыстағы 72 вокзалды жаңарту жұмыстары аяқталды. Вокзал ғимараттары мен инженерлік желілер, сондай-ақ вокзал маңындағы аумақтар мен күту залдары жаңартылды. Ең қатты тозған нысандарда ескі ғимараттар толық бұзылып, орнына жаңа жолаушылар кешендері салынды.
"Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзалды пайдалануға беру жоспарлануда, 15 нысанда жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Жалпы алғанда, 2026 жылы 124 вокзалдың 121-ін реконструкциялау жоспарлануда. Тағы үш ірі нысан – Астана, Алматы және Түркістан вокзалдары 2027 жылы аяқталады. Олардың тарихи-архитектуралық құндылығы бар, сондықтан жұмыстар ғимараттардың бастапқы сәулеттік келбетін сақтауға қойылатын талаптарды ескере отырып, жеке кесте бойынша жүргізілуде", – деп хабарлады үкімет.
Қабылданып жатқан шаралар теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
© Пресс-служба правительства КазахстанаҚазақстанда теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр
Вокзалы модернизируют в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026
Қазақстанда теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр
Сонымен қатар жолаушылар ағыны одан әрі өседі деп болжанып отыр. Бұл көлік тораптарына түсетін жүктемені арттырып, қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын сақтауды талап етеді.
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Боранды теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, салтанатты түрде пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2026
Жамбыл облысында тағы бір вокзал жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0