https://sputnik.kz/20260802/zhambyl-oblysynda-tagy-bir-vokzal-zhangyrtylyp-paydalanuga-berildi-65408600.html
Жамбыл облысында тағы бір вокзал жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Жамбыл облысында тағы бір вокзал жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Sputnik Қазақстан
Жалпы аумағы 303,94 шаршы метрді құрайтын вокзал тәулігіне орта есеппен 54 жолаушыға қызмет көрсетеді 02.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-02T19:45+0500
2026-08-02T19:45+0500
2026-08-02T19:46+0500
үкімет
вокзал
халық
https://sputnik.kz/img/07ea/08/02/65408437_0:74:1015:645_1920x0_80_0_0_358d7f1755d4b48f9bea430e09233253.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Боранды теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, салтанатты түрде пайдалануға берілді.Жаңғырту барысында вокзал ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізіліп, инженерлік желілері жаңартылды. Ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары заманауи талаптарға сай жүргізіліп, сәулеттік келбеті жаңаша сипатқа ие болды. Сонымен қатар күту залдары мен жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары жаңа үлгідегі жабдықтармен жабдықталды.Ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен балалы жолаушылар үшін арнайы күту залдары қарастырылып, қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастырылды.Жалпы аумағы 303,94 шаршы метрді құрайтын вокзал тәулігіне орта есеппен 54 жолаушыға қызмет көрсетеді. Бір мезетте 28 адамды қабылдай алатын нысанда тәулігіне бір ауысыммен 9 қызметкер еңбек етеді.Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында Боранды, Түрксіб, Тараз, Шу және Отар теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
https://sputnik.kz/20260730/keybirinin-60-zhyldyq-tarikhy-bar-bir-kunde-togyz-zhanartylgan-vokzal-ashyldy-65323773.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/02/65408437_28:0:988:720_1920x0_80_0_0_df13f303449a755708e6a75a6f80e004.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, вокзал, халық
Жамбыл облысында тағы бір вокзал жаңғыртылып, пайдалануға берілді
19:45 02.08.2026 (жаңартылды: 19:46 02.08.2026) Жалпы аумағы 303,94 шаршы метрді құрайтын вокзал тәулігіне орта есеппен 54 жолаушыға қызмет көрсетеді
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Боранды теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, салтанатты түрде пайдалануға берілді.
Жаңғырту барысында вокзал ғимараты толық күрделі жөндеуден өткізіліп, инженерлік желілері жаңартылды. Ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары заманауи талаптарға сай жүргізіліп, сәулеттік келбеті жаңаша сипатқа ие болды. Сонымен қатар күту залдары мен жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары жаңа үлгідегі жабдықтармен жабдықталды.
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен балалы жолаушылар үшін арнайы күту залдары қарастырылып, қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастырылды.
Жалпы аумағы 303,94 шаршы метрді құрайтын вокзал тәулігіне орта есеппен 54 жолаушыға қызмет көрсетеді. Бір мезетте 28 адамды қабылдай алатын нысанда тәулігіне бір ауысыммен 9 қызметкер еңбек етеді.
"Жаңарған Боранды теміржол вокзалы ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет етіп, аудан тұрғындары мен жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасайды деп сенемін. Бұл нысан өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға өз үлесін қосады" – деді облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында Боранды, Түрксіб, Тараз, Шу және Отар теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.