https://sputnik.kz/20261024/qazaqstan-men-oman-arasynda-tikeley-aue-qatynasy-ashyldy-67927094.html
Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды
Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды
Sputnik Қазақстан
Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты 24.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-24T09:12+0500
2026-10-24T09:12+0500
2026-10-24T09:12+0500
әуе қатынасы
оман
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/14/67761341_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ea75d01efdbd3d76a2da84a5c52bfa7c.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Бүгін Республика күні қарсаңында "Air Astana" әуе компаниясының Астана – Салала (Оман) бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсін ашу салтанаты өтті, деп хабарлайды көлік министрлігі.Рейстер Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.Екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – биыл 6 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың кездесуі аясында екі ел үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылуы болды.Жаңа рейстің ашылуына арналған салтанатты рәсімге Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев, "Air Astana" әуе компаниясының аға вице-президенті Ерболат Байсалықов, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасының орынбасарлары Руслан Пыштанов пен Ермек Күміспаев, Оманның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері қатысты.Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты, бұл әуе кемесіндегі орындардың толық толғанын көрсетеді. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салала қаласына алғашқы рейс орындалып, ондағы жолаушылар орындары да толық толды.Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы SalamAir әуе компаниясының Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылуда.Осылайша қазақстандық әуе тасымалдаушы Оман Сұлтандығына екі жаңа бағыт ашу арқылы өзінің халықаралық маршруттық желісін кеңейтті.Жаңа әуе бағыттарының ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы туристік, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ азаматтардың саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
https://sputnik.kz/20261006/qazaqstan-men-oman-tikeley-aue-reysterin-kobeytedi-67347380.html
оман
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/14/67761341_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_885cfa202f5d7ee5a16757efefda0517.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуе қатынасы, оман
Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе қатынасы ашылды
Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Бүгін Республика күні қарсаңында "Air Astana" әуе компаниясының Астана – Салала (Оман) бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсін ашу салтанаты өтті, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Рейстер Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Екі ел арасындағы әуе қатынасын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – биыл 6 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың кездесуі аясында екі ел үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылуы болды.
Жаңа рейстің ашылуына арналған салтанатты рәсімге Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев, "Air Astana" әуе компаниясының аға вице-президенті Ерболат Байсалықов, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының басқарма төрағасының орынбасарлары Руслан Пыштанов пен Ермек Күміспаев, Оманның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері қатысты.
Алғашқы рейспен 140 жолаушы ұшты, бұл әуе кемесіндегі орындардың толық толғанын көрсетеді. Бір күн бұрын, 23 қазанда, Алматыдан Салала қаласына алғашқы рейс орындалып, ондағы жолаушылар орындары да толық толды.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы SalamAir әуе компаниясының Алматы – Маскат бағыты бойынша да жүзеге асырылуда.
Осылайша қазақстандық әуе тасымалдаушы Оман Сұлтандығына екі жаңа бағыт ашу арқылы өзінің халықаралық маршруттық желісін кеңейтті.
Жаңа әуе бағыттарының ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы туристік, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ азаматтардың саяхаттау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.