Қазақстан мен Оман тікелей әуе рейстерін көбейтеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаОфициальная церемония встречи Султана Омана Хайсама бен Тарика Аль Саида с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым
Официальная церемония встречи Султана Омана Хайсама бен Тарика Аль Саида с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Тоқаев пен Оман Сұлтаны екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының маңызды оқиға екенін атап өтті.
"Қазақстандықтар еліңізге ерекше құрметпен қарайды. Оманға саяхаттап барған азаматтарымыздың қатары қалың. Алайда Маскатты, Оманның басқа да қалаларын көрмеген отандастарымыз бар. Елдеріміз арасында қосымша тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсері сөзсіз. Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтты
"Кейінгі отыз жылдан аса уақыт ішінде қарым-қатынасымыз айтарлықтай ілгерілеп, нығая түсті. Бүгінгі кездесуіміз қол жеткізілген нәтижелерді бекемдеп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сапар аясында өзара түсіністік жөніндегі бірқатар келісім мен меморандумға қол қоямыз. Сіздің қолдауыңызбен экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатамыз деп сенемін. Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз. Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын", – деді Хайсам бен Тариқ Әл Саид.
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Оман сұлтанының Қазақстанға алғашқы сапары: арабтың көне мемлекеті туралы не білеміз
Жаңалықтар
0