https://sputnik.kz/20261024/elordada-avtobus-zhurgizushisimen-zhanzhaldasqan-er-adam-ustaldy-67927493.html
Елордада автобус жүргізушісімен жанжалдасқан ер адам ұсталды
Елордада автобус жүргізушісімен жанжалдасқан ер адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Астанада полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушісімен жол үстінде жанжалдасқан Hyundai автокөлігінің жүргізушісін анықтап... 24.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-24T10:18+0500
2026-10-24T10:18+0500
2026-10-24T10:31+0500
астана
ұсақ бұзақылық
видео
https://sputnik.kz/img/912/43/9124324_0:0:3028:1703_1920x0_80_0_0_9f48cdef5e26a0a84b2dba9ac36afdc4.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Астанада полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушісімен жол үстінде жанжалдасқан Hyundai автокөлігінің жүргізушісін анықтап, ұстады.Ер адам автобус жолағына тоқтап, қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтірген. Сондай-ақ ол агрессивті мінез-құлық танытып, автобустың терезесін бірнеше рет ұрып, балағат сөздер айтқан.Құқық бұзушының 27 жастағы Алматы облысының тумасы Тоқтар Нарынбай екені анықталды.Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.Бұдан бөлек, ер адамның берешек міндеттемелерін орындамауына байланысты көлік жүргізу құқығы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, автокөлік тізгіндегені анықталды.Сондай-ақ жол қозғалысы қағидаларын бұзудың бірқатар деректері, оның ішінде қозғалысқа қасақана кедергі келтіру және тоқтау қағидаларын бұзу фактілері тіркелді. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
https://sputnik.kz/20260713/ayaldamadan-otip-ketkeni-ushin-avtobus-zhurgizushisine-ashulangan-astanalyq-qamauga-alyndy-64876482.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/912/43/9124324_211:0:2940:2047_1920x0_80_0_0_dbf1c6df0ba64bf55a18025bb51f445e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, ұсақ бұзақылық
Елордада автобус жүргізушісімен жанжалдасқан ер адам ұсталды
10:18 24.10.2026 (жаңартылды: 10:31 24.10.2026) АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Астанада полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушісімен жол үстінде жанжалдасқан Hyundai автокөлігінің жүргізушісін анықтап, ұстады.
Ер адам автобус жолағына тоқтап, қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтірген. Сондай-ақ ол агрессивті мінез-құлық танытып, автобустың терезесін бірнеше рет ұрып, балағат сөздер айтқан.
Құқық бұзушының 27 жастағы Алматы облысының тумасы Тоқтар Нарынбай екені анықталды.
Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Бұдан бөлек, ер адамның берешек міндеттемелерін орындамауына байланысты көлік жүргізу құқығы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, автокөлік тізгіндегені анықталды.
Сондай-ақ жол қозғалысы қағидаларын бұзудың бірқатар деректері, оның ішінде қозғалысқа қасақана кедергі келтіру және тоқтау қағидаларын бұзу фактілері тіркелді. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.