https://sputnik.kz/20260713/ayaldamadan-otip-ketkeni-ushin-avtobus-zhurgizushisine-ashulangan-astanalyq-qamauga-alyndy-64876482.html
Аялдамадан өтіп кеткені үшін автобус жүргізушісіне ашуланған астаналық қамауға алынды
Аялдамадан өтіп кеткені үшін автобус жүргізушісіне ашуланған астаналық қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Жолаушы жүргізушімен сөзге келіп қалған 13.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-13T17:53+0500
2026-07-13T17:53+0500
2026-07-13T17:53+0500
астана
автобус
аялдама
жолаушы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 13 шілде - Sputnik. Астанада аялдамадан өтіп кеткен автобусқа ашуланған астаналық 20 тәулікке қамалды.Полицияға қалалық автобустардың бірінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті сындырғаны туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында құқық бұзушының 44 жастағы ер адам екені анықталды.Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қаулысымен ол 20 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, ол келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді, дейді полиция.Полиция агрессивті әрекеттер, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және қоғамдық тәртіпті бұзу ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
https://sputnik.kz/20250916/almatyda-er-adam-avtobustyn-zholyn-bogep-zhurgizushini-pyshaqpen-qorqytqan-57109880.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, автобус, аялдама, жолаушы
астана, автобус, аялдама, жолаушы
Аялдамадан өтіп кеткені үшін автобус жүргізушісіне ашуланған астаналық қамауға алынды
Жолаушы жүргізушімен сөзге келіп қалған
АСТАНА, 13 шілде - Sputnik. Астанада аялдамадан өтіп кеткен автобусқа ашуланған астаналық 20 тәулікке қамалды.
Полицияға қалалық автобустардың бірінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті сындырғаны туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында құқық бұзушының 44 жастағы ер адам екені анықталды.
"Белгілі болғандай, жанжалға автобустың аялдамаға тоқтамай, өтіп кетуі себеп болған. Осыған байланысты жолаушы жүргізушімен сөзге келіп, кейін ашуға бой алдырып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып, сындырып жіберген", - дейді полиция.
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қаулысымен ол 20 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар, ол келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді, дейді полиция.
Полиция агрессивті әрекеттер, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және қоғамдық тәртіпті бұзу ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.