https://sputnik.kz/20250916/almatyda-er-adam-avtobustyn-zholyn-bogep-zhurgizushini-pyshaqpen-qorqytqan-57109880.html
Алматыда ер адам автобустың жолын бөгеп, жүргізушіні пышақпен қорқытқан
Алматыда ер адам автобустың жолын бөгеп, жүргізушіні пышақпен қорқытқан
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісімен жанжалдасып, пышақпен қорқытқан адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 16.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-16T16:36+0500
2025-09-16T16:36+0500
2025-09-16T16:36+0500
алматы
автобус
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_0:312:3000:2000_1920x0_80_0_0_414a9cf1dacb07867c27253c737dc9c8.jpg
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісімен жанжалдасып, пышақпен қорқытқан адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.Автобусқа кедергі жасаған жеңіл көлік жүргізушісі төбелеспек болған. Тіпті пышақ көрсеткен. Бұл туралы куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде жазды.Алматы қалалық полиция департаменті жанжал шығарған адамды ұстаған."16 қыркүйекте сағат 08:50 шамасында "Буран-179" экипажы патрульдеу кезінде Алматы көшелерінің бірінде адам жиналғанын байқады. Автобус жүргізушісі мен жеңіл автомобиль жүргізушісі арасында жанжал болған", - дейді ведомство.Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және төтенше жағдай жасағаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс сотқа жіберіледі, дейді полиция.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_272:0:2939:2000_1920x0_80_0_0_14803ad1bf0606fe17f31f6c4caa6ba5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус, жүргізуші
алматы, автобус, жүргізуші
Алматыда ер адам автобустың жолын бөгеп, жүргізушіні пышақпен қорқытқан
АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Алматыда автобус жүргізушісімен жанжалдасып, пышақпен қорқытқан адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Автобусқа кедергі жасаған жеңіл көлік жүргізушісі төбелеспек болған. Тіпті пышақ көрсеткен. Бұл туралы куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде жазды.
"Бүгін сағат 08:45-те ер адам №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, жолда қауіпті жағдай туғызды. Содан кейін ол автобусқа барып, жүргізушіге тап беріп, пышағын алып шықты. Шара қабылдауды және оны жауапкершілікке тартуды сұраймын", - деп жазды куәгер.
Алматы қалалық полиция департаменті жанжал шығарған адамды ұстаған.
"16 қыркүйекте сағат 08:50 шамасында "Буран-179" экипажы патрульдеу кезінде Алматы көшелерінің бірінде адам жиналғанын байқады. Автобус жүргізушісі мен жеңіл автомобиль жүргізушісі арасында жанжал болған", - дейді ведомство.
Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және төтенше жағдай жасағаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс сотқа жіберіледі, дейді полиция.