https://sputnik.kz/20261024/elimizde-keshendi-askeri-reforma-bastaldy-armiyada-qanday-ozgerister-bolady-67948496.html
Елімізде кешенді әскери реформа басталды: армияда қандай өзгерістер болады
Елімізде кешенді әскери реформа басталды: армияда қандай өзгерістер болады
Sputnik Қазақстан
Реформа жоспары мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған 24.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-24T20:09+0500
2026-10-24T20:09+0500
2026-10-24T20:09+0500
қасым-жомарт тоқаев
реформа
әскерилер
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15930518_0:6:1920:1086_1920x0_80_0_0_bd919b7889f45597ea8f1ea3bc75ea9e.jpg
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша кешенді әскери реформа басталды. Өзгерістер армияның құрылымын жаңғыртуды, әскери қызметшілердің даярлығын жетілдіруді, жаңа технологияларды енгізуді және сарбаздардың құқықтарын қорғауды қамтиды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Реформа жоспары мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған.Негізгі мақсат – заманауи технологияларды меңгерген, ұтқыр әрі жауынгерлік даярлығы жоғары армия қалыптастыру.Министрлік әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, командирлік мәдениетті дамытуға және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылатынын атап өтті.Армияға жаңа технологиялар енгізіледіРеформа аясында Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын, қорғанысты жоспарлау жүйесін, жұмылдыру дайындығын және әскери резервті қалыптастыру тәртібін жетілдіру көзделген.Сонымен қатар армияны технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағытта отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға, оның ішінде ұшқышсыз құрылғыларға қарсы іс-қимыл құралдарын өндіруге басымдық берілмек. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер енгізіледі.Әскери даярлықтың сапасын арттыру және оқу-жаттығу шығындарын азайту үшін ұрыс қимылдарын модельдейтін симуляциялық бағдарламаларды пайдалану жоспарланып отыр. Бұл әскери қызметшілерге жаңа тактиканы меңгеруге, заманауи қару-жарақты қолдануды үйренуге және бөлімше құрамында да, жеке де сенімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінедіӘскери реформаның негізгі бағыттарының бірі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңді моделіне көшу.Алғашқы алты айда сарбаздар оқу орталықтарында дайындықтан өтеді. Бұл кезеңде олар әскери қызметке бейімделіп, бастапқы әскери білім алады және дене дайындығын шыңдайды.Оқу барысында сарбаздар тіл үйреніп, жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын меңгере алады. Бұдан бөлек, әскери мамандықтармен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие азаматтық жұмысшы кәсіптерін игеру мүмкіндігі қарастырылған.Келесі алты айда әскери қызметшілер әскери бөлімдерде қызмет атқарып, жауынгерлік даярлығын жетілдіреді және бөлімше құрамында қойылған міндеттерді орындайды.Жаңа модельдің жекелеген элементтері "Sarbaz+" жобасы аясында сынақтан өткізілген. Ал мерзімді әскери қызметтің екі кезеңді моделін пилоттық режимде 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр.Сарбаздардың құқығын қорғау күшейтіледіРеформада әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуына және қызмет өткеру жағдайларын жақсартуға да көңіл бөлінген.Атап айтқанда, әскери бөлімдердің қолбасшылығына тәуелсіз әскери кеңесшілер институтын құру көзделіп отыр. Олар әскери қызметшілерге қолдау көрсетіп, құқық бұзушылықтарды анықтауға және сарбаздардың заңды мүдделерін қорғауға көмектеседі.Бұған қоса, әскери қызметшілерді сапалы тамақпен және әскери киім-кешекпен қамтамасыз ету, казармаларды, оқу нысандары мен әскери полигондарды жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған."Жас айбын" жүйесі 2027 жылы құрылуы мүмкінӘскери реформа жастарды даярлау жүйесін де қамтиды. 2027 жылдан бастап "Жас қыран", "Жас ұлан" және "Жас сарбаз" кезеңдерін біріктіретін "Жас айбын" бірыңғай әскери-патриоттық даярлау жүйесін құру көзделген.Жастарға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйретуге, алғашқы көмек көрсетуге және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге басымдық беріледі. Бұл бағыттағы дайындық мектеп қабырғасынан басталмақ.Сонымен қатар әкімдіктермен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың сапасын арттыру және мамандандырылған әскери мектептер желісін дамыту жұмыстары жалғасады.Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, реформаның ұйымдастырушылық шараларын жыл соңына дейін жүзеге асыру жоспарланған. Ал негізгі тұжырымдамалық өзгерістер орта мерзімді перспективада кезең-кезеңімен енгізіледі.Министрлік әскери реформаның іске асырылу барысы туралы қоғамды тұрақты түрде хабардар етіп отырады.
https://sputnik.kz/20261022/askeri-reforma-zhospary-maquldandy-67840357.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15930518_232:0:1688:1092_1920x0_80_0_0_f14e94cf3a0b1545f4e3d47a74a35d6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, реформа, әскерилер, қорғаныс министрлігі
қасым-жомарт тоқаев, реформа, әскерилер, қорғаныс министрлігі
Елімізде кешенді әскери реформа басталды: армияда қандай өзгерістер болады
Реформа жоспары мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша кешенді әскери реформа басталды. Өзгерістер армияның құрылымын жаңғыртуды, әскери қызметшілердің даярлығын жетілдіруді, жаңа технологияларды енгізуді және сарбаздардың құқықтарын қорғауды қамтиды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Реформа жоспары мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған.
Негізгі мақсат – заманауи технологияларды меңгерген, ұтқыр әрі жауынгерлік даярлығы жоғары армия қалыптастыру.
Министрлік әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, командирлік мәдениетті дамытуға және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Армияға жаңа технологиялар енгізіледі
Реформа аясында Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын, қорғанысты жоспарлау жүйесін, жұмылдыру дайындығын және әскери резервті қалыптастыру тәртібін жетілдіру көзделген.
Сонымен қатар армияны технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағытта отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға, оның ішінде ұшқышсыз құрылғыларға қарсы іс-қимыл құралдарын өндіруге басымдық берілмек. Сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер енгізіледі.
Әскери даярлықтың сапасын арттыру және оқу-жаттығу шығындарын азайту үшін ұрыс қимылдарын модельдейтін симуляциялық бағдарламаларды пайдалану жоспарланып отыр. Бұл әскери қызметшілерге жаңа тактиканы меңгеруге, заманауи қару-жарақты қолдануды үйренуге және бөлімше құрамында да, жеке де сенімді әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді
Әскери реформаның негізгі бағыттарының бірі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңді моделіне көшу.
Алғашқы алты айда сарбаздар оқу орталықтарында дайындықтан өтеді. Бұл кезеңде олар әскери қызметке бейімделіп, бастапқы әскери білім алады және дене дайындығын шыңдайды.
Оқу барысында сарбаздар тіл үйреніп, жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын меңгере алады. Бұдан бөлек, әскери мамандықтармен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие азаматтық жұмысшы кәсіптерін игеру мүмкіндігі қарастырылған.
Келесі алты айда әскери қызметшілер әскери бөлімдерде қызмет атқарып, жауынгерлік даярлығын жетілдіреді және бөлімше құрамында қойылған міндеттерді орындайды.
Жаңа модельдің жекелеген элементтері "Sarbaz+" жобасы аясында сынақтан өткізілген. Ал мерзімді әскери қызметтің екі кезеңді моделін пилоттық режимде 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Сарбаздардың құқығын қорғау күшейтіледі
Реформада әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуына және қызмет өткеру жағдайларын жақсартуға да көңіл бөлінген.
Атап айтқанда, әскери бөлімдердің қолбасшылығына тәуелсіз әскери кеңесшілер институтын құру көзделіп отыр. Олар әскери қызметшілерге қолдау көрсетіп, құқық бұзушылықтарды анықтауға және сарбаздардың заңды мүдделерін қорғауға көмектеседі.
Бұған қоса, әскери қызметшілерді сапалы тамақпен және әскери киім-кешекпен қамтамасыз ету, казармаларды, оқу нысандары мен әскери полигондарды жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған.
"Жас айбын" жүйесі 2027 жылы құрылуы мүмкін
Әскери реформа жастарды даярлау жүйесін де қамтиды. 2027 жылдан бастап "Жас қыран", "Жас ұлан" және "Жас сарбаз" кезеңдерін біріктіретін "Жас айбын" бірыңғай әскери-патриоттық даярлау жүйесін құру көзделген.
Жастарға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйретуге, алғашқы көмек көрсетуге және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге басымдық беріледі. Бұл бағыттағы дайындық мектеп қабырғасынан басталмақ.
Сонымен қатар әкімдіктермен бірлесіп, жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың сапасын арттыру және мамандандырылған әскери мектептер желісін дамыту жұмыстары жалғасады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, реформаның ұйымдастырушылық шараларын жыл соңына дейін жүзеге асыру жоспарланған. Ал негізгі тұжырымдамалық өзгерістер орта мерзімді перспективада кезең-кезеңімен енгізіледі.
Министрлік әскери реформаның іске асырылу барысы туралы қоғамды тұрақты түрде хабардар етіп отырады.