https://sputnik.kz/20261022/askeri-reforma-zhospary-maquldandy-67840357.html
Әскери реформа жоспары мақұлданды
Әскери реформа жоспары мақұлданды
Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті 22.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-22T08:22+0500
2026-10-22T08:22+0500
2026-10-22T08:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
әскерилер
реформа
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/15/67837627_4:0:1277:716_1920x0_80_0_0_ce94dc0cef3ed3aab82cdbc23a1e095c.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында әскери реформа жоспары мақұлданды, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы қорғаныс саласын реформалау және қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құру маңызды екенін атап өтті.Реформа аясында Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын қайта қарау, басқару және қорғанысты жоспарлау тетіктерін жетілдіру, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру, сондай-ақ армияның негізгі компоненттерін нығайту көзделген.Сонымен қатар мерзімді әскери қызметтің екі кезеңнен тұратын үлгісіне көшу жоспарланып отыр. Алғашқы алты айда әскерге шақырылғандар оқу орталықтарында даярлықтан өтеді. Кейінгі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етіп, жауынгерлік даярлыққа және бөлімшелер құрамында міндеттерді орындауға басымдық беріледі.Әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мақсатында әскери консультанттар және Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттарын құру ұсынылды. Сондай-ақ әскери тәртіпті күшейту, жарғыға сай келмейтін іс-әрекеттерге жол бермеу шаралары қарастырылған.Бұдан бөлек, Қарулы күштердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын қабылдау және Конституциядағы "Заң мен тәртіп" қағидатына сай тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру көзделген.Жоспардағы ұйымдастыру шараларын осы жылдың соңына дейін, ал негізгі тұжырымдамалық шараларды келесі жылы іске асыру жоспарланған. Президент Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.Әскери реформа жоспарының орындалуын үйлестіру Үкімет пен Қауіпсіздік Кеңесіне жүктелді.
https://sputnik.kz/20260927/toqaev-10-kun-ishinde-askeri-reforma-zhosparyn-azirleudi-tapsyrdy-67083692.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/15/67837627_163:0:1118:716_1920x0_80_0_0_6ac9edaefe39a18c5793c4ac8217c9b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әскерилер, реформа
қасым-жомарт тоқаев, әскерилер, реформа
Әскери реформа жоспары мақұлданды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында әскери реформа жоспары мақұлданды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын реформалау және қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құру маңызды екенін атап өтті.
"Қарулы күштердің сапасын өзгерту міндеті қойылды. Өзгерістер басқару ісін, әскери қызметшілерді даярлауды, кадр саясатын, әскери білім беруді, қорғанысты жоспарлау мен технологиялық жарақтандыруды қамтуға тиіс. Әскери қызметтің қауіпсіздігіне, әскерге басшылық ету мәдениетіне және мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануға айрықша мән беру керек. Армияның қоғаммен қарым-қатынасы да өзгеруге тиіс. Кешенді реформа қажет. Бұл істе толыққанды шешімдер қабылданбайынша, көздеген нәтижеге жету мүмкін емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Реформа аясында Қарулы күштердің құрылымы мен құрамын қайта қарау, басқару және қорғанысты жоспарлау тетіктерін жетілдіру, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру, сондай-ақ армияның негізгі компоненттерін нығайту көзделген.
Сонымен қатар мерзімді әскери қызметтің екі кезеңнен тұратын үлгісіне көшу жоспарланып отыр. Алғашқы алты айда әскерге шақырылғандар оқу орталықтарында даярлықтан өтеді. Кейінгі алты айда әскери бөлімдерде қызмет етіп, жауынгерлік даярлыққа және бөлімшелер құрамында міндеттерді орындауға басымдық беріледі.
Әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мақсатында әскери консультанттар және Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттарын құру ұсынылды. Сондай-ақ әскери тәртіпті күшейту, жарғыға сай келмейтін іс-әрекеттерге жол бермеу шаралары қарастырылған.
"Жоспарға сәйкес, "Адал азамат" тұжырымдамасына негізделген "Жас айбын" бірыңғай әскери-патриоттық даярлық жүйесі дамытылып, мамандандырылған әскери мектептер желісі кеңейтіледі. Бастапқы әскери даярлықты жетілдіру де реформаның маңызды бағыттарының бірі болмақ", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, Қарулы күштердің жаңа ақпараттық-коммуникациялық стратегиясын қабылдау және Конституциядағы "Заң мен тәртіп" қағидатына сай тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру көзделген.
Жоспардағы ұйымдастыру шараларын осы жылдың соңына дейін, ал негізгі тұжырымдамалық шараларды келесі жылы іске асыру жоспарланған. Президент Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Әскери реформа жоспарының орындалуын үйлестіру Үкімет пен Қауіпсіздік Кеңесіне жүктелді.