https://sputnik.kz/20261023/qazaqstandyq-veloshabandozdar-aziya-para-oyyndarynda-el-qorzhynyna-tagy-eki-altyn-saldy-67893207.html
Қазақстандық велошабандоздар Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы екі алтын салды
Қазақстандық велошабандоздар Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы екі алтын салды
Sputnik Қазақстан
Қазір ұлттық құрамасының қоржынында 47 медаль бар, оның 12-сі алтын 23.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-23T11:27+0500
2026-10-23T11:27+0500
2026-10-23T11:30+0500
алтын жүлде
велошабандоздар
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67893497_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_4522d0eff5682bf2bc0d305b6c83897e.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін B класында ерлер арасындағы 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев алтын медаль иеленді. Олардың уақыты - 2 сағат 1 минут 21 секунд. Ал Кирилл Илюкевич пен пилот Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижесімен күміс жүлдегер атанды.Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова (2 сағат 5 минут 47 секунд) алтын медаль жеңіп алса, Жұлдыз Қайнарова мен пилоты Анжелла Соловьева төрт секундқа қана кешігіп, күміс жүлдеге ие болды.Айта кетері, бұған дейін Наиль Ермұханбет пен Руслан Әлиев 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда алтын алған. Ал Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский күміс медаль иеленген болатын. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 47 медаль бар: 12 алтын, 15 күміс және 20 қола.
https://sputnik.kz/20261021/aziya-para-oyyndary-qazaqstan-qorzhyny-tagy-eki-altyn-zhuldemen-tolyqty-67799231.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67893497_86:0:1225:854_1920x0_80_0_0_77835916a79f0e981fb1fc82ffe14642.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын жүлде, велошабандоздар
алтын жүлде, велошабандоздар
Қазақстандық велошабандоздар Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы екі алтын салды
11:27 23.10.2026 (жаңартылды: 11:30 23.10.2026) Қазір ұлттық құрамасының қоржынында 47 медаль бар, оның 12-сі алтын
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды
, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгін B класында ерлер арасындағы 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев алтын медаль иеленді. Олардың уақыты - 2 сағат 1 минут 21 секунд.
Ал Кирилл Илюкевич пен пилот Глеб Бруссенский 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижесімен күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында 55 шақырымдық қашықтықта Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова (2 сағат 5 минут 47 секунд) алтын медаль жеңіп алса, Жұлдыз Қайнарова мен пилоты Анжелла Соловьева төрт секундқа қана кешігіп, күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетері, бұған дейін Наиль Ермұханбет пен Руслан Әлиев 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда алтын алған. Ал Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский күміс медаль иеленген болатын.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 47 медаль бар: 12 алтын, 15 күміс және 20 қола.