Азия Пара ойындары: Қазақстан қоржыны тағы екі алтын жүлдемен толықты

© Пресс-служба Министерства туризма и спорта КазахстанаКазахстанский велогонщик Алексей Луценко завоевал вторую золотую медаль на XX летних Азиатских играх
Казахстанский велогонщик Алексей Луценко завоевал вторую золотую медаль на XX летних Азиатских играх - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Бұған дейін қазақстандық бес спортшы Азия Пара ойындарының чемпионы атанған болатын
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары пара велоспорттан екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер арасында B класында 20 шақырымдық жеке уақытқа жарысуда Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.
Осы жарыста Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Брусенский күміс медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында B класында өткен жеке уақытқа жарысуда қазақстандық А. Калаус пен оның пилоты П. Братчикова алтын медаль иеленді.
Айта кетері, Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін еншілеген болатын. Ал Давид Дегтярев жаңа рекорд орнатып, Азия Пара ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Парадзюдошылар Ибрагим Нұрмаханұлы мен Бексұлтан Құлмұрза да топ жарды. Ал қазақстандық Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартып, шалқалап жүзуден алтын медаль жеңіп алды.
Диас Кенжебек Пара ойындарында Азия рекордын жаңартты - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2026
Диас Кенжебек Пара ойындарында Азия рекордын жаңартты
Жаңалықтар
0