Қарағандыда интернет кабелін ұрлады деген күдікпен 26 жастағы ер адам ұсталды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуСетевое оборудование в серверной, архивное фото
Сетевое оборудование в серверной, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
Зардап шеккен телекоммуникациялық компания өкілдері полицияға арызданған
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қарағандыда желілік жабдықтарды бірнеше рет ұрлады деген күдікпен 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол техникалық қызмет көрсету маманының кейпіне еніп, тұрғындардың сеніміне кірген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қала көшелерінің бірінде қозғалыс датчигі бар бейнебақылау камерасы коммуникациялық желілермен жұмыс істеп жүрген ер адамды түсіріп алған. Үй тұрғындары оны интернет провайдерінің қызметкері, желіні жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жүрген маман деп ойлаған.
Алайда ол кеткеннен кейін үйлерде интернет пен байланыс үзіліп қалған. Осындай жағдай тағы екі рет қайталанған.
"Күдік туындаған соң тұрғындар апаттық қызмет бригадасын шақырған. Оқиға орнына келген мамандар ақаудың себебін анықтады: белгісіз адам желілік кабельді кесіп, өзімен бірге алып кеткен", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті жалпы ұзындығы 120 метрден астам кабельді ұрлаған. Зардап шеккен телекоммуникациялық компания өкілдері полицияға арызданған. Келтірілген материалдық шығын 1,2 миллион теңгеден асқан.
Полиция қызметкерлері 26 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған кабельді жақын маңдағы металл қабылдау пунктіне өткізіп үлгерген.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция оның Қарағанды облысында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Котокафе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Өзіне қажетсіз қораптарды ұрлаған ер адам екі жылға сотталып кетті
Жаңалықтар
0