https://sputnik.kz/20260204/ozine-qazhetsiz-qoraptardy-urlagan-er-adam-eki-zhylga-sottalyp-ketti-60921244.html
Өзіне қажетсіз қораптарды ұрлаған ер адам екі жылға сотталып кетті
Өзіне қажетсіз қораптарды ұрлаған ер адам екі жылға сотталып кетті
Sputnik Қазақстан
Үй иесі заттарды онлайн тапсырыс арқылы алған, ал курьер қораптарды аулаға қалдырып кеткен 04.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-04T17:30+0500
2026-02-04T17:30+0500
2026-02-04T17:30+0500
ұрлық
https://sputnik.kz/img/512/97/5129714_0:132:2016:1266_1920x0_80_0_0_0acba4bf6a4017d15c512e8531e11af5.jpg
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қосшы қаласында ер адам жеке меншік үйдің ауласынан екі қорап ұрлағаны үшін екі жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тергеу мәліметі бойынша сотталушы үйдің ауласына газ магистраліне қосу қызметін ұсынамын деп кірген, бірақ сол жерден екі қорапты ұрлап кеткен. Бір қорапта мысыққа арналған жатын орын, екіншісінде ас үйге арналған ұсатқыш болған. Сотталушы ұрланған заттарды өзіне қажет болмаған соң лақтырып жіберген.Үй иесі заттарды онлайн тапсырыс арқылы алған, ал курьер қораптарды аулаға қалдырып кеткен. Жәбірленуші бейнебақылау камераларын қарап, полицияға шағымданған. Материалдық залалдың сомасы 28 мың теңгені құрады.Сотта ұры өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізген және залалды өтеп берген. Алайда сотталушы бұрын 6 рет сотталған, оның ішінде ауыр қылмыстарға қатысы бар, бұл жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды.Сот үкімі бойынша екі қорап ұрлаған ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды.
https://sputnik.kz/20250802/almaty-turgyny-ozi-3-zhyl-buryn-satqan-kolikti-urlap-ketti-56121933.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/512/97/5129714_76:0:1940:1398_1920x0_80_0_0_7ee08d50c35c6ad3a234e4a0e527c66b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық
Өзіне қажетсіз қораптарды ұрлаған ер адам екі жылға сотталып кетті
Үй иесі заттарды онлайн тапсырыс арқылы алған, ал курьер қораптарды аулаға қалдырып кеткен
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Қосшы қаласында ер адам жеке меншік үйдің ауласынан екі қорап ұрлағаны үшін екі жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тергеу мәліметі бойынша сотталушы үйдің ауласына газ магистраліне қосу қызметін ұсынамын деп кірген, бірақ сол жерден екі қорапты ұрлап кеткен. Бір қорапта мысыққа арналған жатын орын, екіншісінде ас үйге арналған ұсатқыш болған. Сотталушы ұрланған заттарды өзіне қажет болмаған соң лақтырып жіберген.
Үй иесі заттарды онлайн тапсырыс арқылы алған, ал курьер қораптарды аулаға қалдырып кеткен. Жәбірленуші бейнебақылау камераларын қарап, полицияға шағымданған. Материалдық залалдың сомасы 28 мың теңгені құрады.
Сотта ұры өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізген және залалды өтеп берген. Алайда сотталушы бұрын 6 рет сотталған, оның ішінде ауыр қылмыстарға қатысы бар, бұл жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды.
Сот үкімі бойынша екі қорап ұрлаған ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды.