Кредиттердің мөлшерлемесі қашан төмендейді - Ұлттық банк төрағасы жауап берді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуКредиттердің мөлшерлемесі қашан төмендейді - Ұлттық банк төрағасы жауап берді
Кредиттердің мөлшерлемесі қашан төмендейді - Ұлттық банк төрағасы жауап берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Жазылу
Ұлттық банк бекітетін базалық мөлшерлеме төмендеген сайын кредиттер қолжетімді болуы керек
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемеден кейін кредиттердің мөлшерлемесі қалай төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті. Осылайша, маусым айынан бастап базалық мөлшерлеме 18 проценттен 16,25-ке дейін түсті. Банк басшысы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, базалық мөлшерлеме өзгергеннен кейін коммерциялық банктер бірден кредиттердің мөлшерлемесін төмендетпейді.
Белгілі бір уақыт өтуі керек. Себебі банктер ақшаны қарызға алғанда және бергенде кредит туралы келісімшарттарда нақты мөлшерлеме бекітіледі. Келісімшарт мерзіміне қарай мөлшершеме де қайта қаралуы мүмкін.
"Шамамен, 9-12 ай, кейбір кредиттік өнімдер бойынша одан көп уақыт керек. Қазірдің өзінде кредиттердің мөлшерлемесі төмендеп келеді. Мысалы, экономикадағы кредиттердің мөлшерлемесін қарасаңыз, жыл басынан бері шамамен плюс-минус 1 процентке төмендеді. Сондықтан кредиттердің мөлшерлемесі төмендейді деп нақты айта аламыз", - деді Сүлейменов Астанада өткен брифигте.
Айта кетері, ұлттық банк бекітетін базалық мөлшерлеме төмендеген сайын кредиттер қолжетімді болуы керек. Себебі қарызға алынатын ақшаның проценттік үстемеақысы азаяды. Алайда базалық мөлшерлемемен бірге депозиттердің мөлшерлемесі де төмендейді.
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті
Жаңалықтар
0