Түркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТүркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады
Түркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
Инвестициялық жобаны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Түркістан облысының әкімдігі мен "Nurym Group" компаниялар тобы арасында ет кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Ауқымды агроөнеркәсіптік жоба өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға және жергілікті экономикаға инвестиция тартуға бағытталған.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіТүркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады
Түркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Түркістан облысында 111 млн долларға ет кластері құрылады
Жобаның жалпы құны 111,1 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

"Толыққанды ет кластерін қалыптастыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге және экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді Ауыл шаруашлығы министрлігі.

Жобаны қаржыландыру мен іске асырудың нақты шарттары жеке келісімдер арқылы айқындалады.
Шымкентте IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (Қазақстанның жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі) өтті. Іс-шара аясында премьер-министр Олжас Бектеновке агроөнеркәсіптік кешенді қоса алғанда, түрлі салалардағы ірі инвестициялық жобалар таныстырылды. Олардың қатарында Carlsberg Group компаниясының алкогольсіз сусындар өндіретін зауыты мен Alsera компаниясының жылыжай кешенін салу жобасы бар.

KGIR-2026 жиынына әлемнің 40-тан астам елінен 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысты.
IX Kazakhstan Global Investment Roundtable в Шымкенте: подписаны документы на $4,8 млрд - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Шымкентте жалпы құны 4,8 млрд доллар болатын құжаттарға қол қойылды
Жаңалықтар
0