Видео

ШҚО-да қар жауды: құтқарушылар қар құрсауында қалған 7 адамды эвакуациялады

ШҚО-да қар жауды: құтқарушылар қар құрсауында қалған 7 адамды эвакуациялады
ШҚО-да қар жауды: құтқарушылар қар құрсауында қалған 7 адамды эвакуациялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
Оқиға орнына құтқарушылар жоғары өтімді арнайы техникамен келген
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қар түсті.
Әкімдік мәліметінше, көшелер мен жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 8 арнайы техника жұмылдырылған.
"Жұмыстар көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үзіліссіз жүруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолдардың тиісті жағдайын сақтауға бағытталған. Көшелерді тазарту жұмыстары ауа райы мен жауын-шашынның қарқындылығын ескере отырып жүргізілуде", - дейді әкімдіктегілер.
Ал Күршім ауданы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка учаскесінде электр желілерінде жұмыс істейтін энергетикалық компанияның 7 қызметкері екі автокөлікпен қар құрсауында қалып қойған.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға орнына жоғары өтімді арнайы техникамен келген құтқарушылар жеті адамды жақын маңдағы елді мекенге эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Снегоуборочная техника на трассе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
"Сапарды кейінге қалдырыңыз": Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады
Жаңалықтар
0