"Сапарды кейінге қалдырыңыз": Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

© Photo : Пресс-служба министерства индустрии и инфраструктурного развития Снегоуборочная техника на трассе
Снегоуборочная техника на трассе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Қолайсыз ауа райы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қатар, жергілікті жолдардағы жағдайға да әсер етуі мүмкін
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Көлік министрлігі жүргізушілерді жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Алдағы күндері еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы қолайсыз болады деп болжанып отыр. Қар аралас жаңбыр және қар жауып, ауа температурасы төмендейді, жел күшейіп, көріну қашықтығы нашарлауы мүмкін", - деп ескертті ведомство.
Қолайсыз ауа райы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қатар, жергілікті жолдардағы жағдайға да әсер етуі мүмкін.
"Мұндай жағдайда жолдағы ахуал күн ішінде өзгеруі ықтимал. Ауа температурасы төмендеген кезде жолдың ылғал жабыны тайғақ болуы мүмкін, ал жауын-шашын мен тұман көріну қашықтығын төмендетеді. Осыған байланысты жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдықты таңдап, арақашықтықты сақтап, күрт маневрлерден аулақ болу маңызды", - дейді мамандар.
Көлік министрлігі әрбір сапар алдында:
ауа райы болжамымен және бағыт бойынша жолдардың жағдайымен алдын ала танысуды;
сапар уақытын ауа райы жағдайын ескере отырып жоспарлауды;
белгіленген жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауды;
көпірлерде, жол өткелдерінде және ашық учаскелерде ерекше сақ болуды;
ауа райы күрт нашарлаған жағдайда сапарды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін "ҚазАвтоЖол" call-орталығынан 1403 нөмірі арқылы алуға болады.
Алғашқы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Жаңбыр мен қар күтіледі: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0