https://sputnik.kz/20261022/qazaqstan-men-resey-euraziyalyq-qauipsizdiktin-ozegin-quraydy--borodavkin-67872954.html
Қазақстан мен Ресей еуразиялық қауіпсіздіктің өзегін құрайды — Бородавкин
Қазақстан мен Ресей еуразиялық қауіпсіздіктің өзегін құрайды — Бородавкин
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 34 жыл 22.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-22T20:17+0500
2026-10-22T20:17+0500
2026-10-22T20:17+0500
қазақстан
ресей
өзара ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51853712_33:122:1229:795_1920x0_80_0_0_3b14d423b3236dce87676c788da21dde.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Дәл 34 жыл бұрын, 1992 жылғы 22 қазанда Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, бұл оқиға Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық байланыстар мен жан-жақты стратегиялық серіктестіктің дамуындағы қазіргі кезеңнің бастауы болды.Сонымен қатар, Ресей, Қазақстан және басқа да достас мемлекеттердің бірлескен дипломатиялық күш-жігерінің арқасында Еуразиялық қауіпсіздік пен экономикалық интеграцияның өзегі қалыптасып жатыр. Бұл ретте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ оның іргетасы қызметін атқарады.Бородавкин Мәскеу мен Астананың БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, БРИКС және АӨСШК аясында табысты ынтымақтасып отырғанын атап өтті."Дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына толатын кезекті мерейтой – мемлекетаралық деңгейде атқарылған ауқымды жұмыстарды саралап қана қоймай, Ресей мен Қазақстан халықтарының мүддесі жолында екіжақты байланыстардың барлық бағыттарын одан әрі кеңейту жоспарларын айқындауға да мүмкіндік береді", – деді елші.Ол екі елдің сыртқы саяси ведомстволарына, дипломаттарға маңызды миссияны жүзеге асыруда табыс тіледі.
https://sputnik.kz/20260917/qazaqstan-men-resey-ekizhaqty-yntymaqtastyqtyn-qazirgi-zhay-kuyin-talqylady-66747635.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/15/51853712_120:105:1107:845_1920x0_80_0_0_0958e06e2becf217937054898b0d6f34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, өзара ынтымақтастық
қазақстан, ресей, өзара ынтымақтастық
Қазақстан мен Ресей еуразиялық қауіпсіздіктің өзегін құрайды — Бородавкин
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 34 жыл
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Дәл 34 жыл бұрын, 1992 жылғы 22 қазанда Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, бұл оқиға Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық байланыстар мен жан-жақты стратегиялық серіктестіктің дамуындағы қазіргі кезеңнің бастауы болды.
"Достықтың тарихи тамыры терең. Берік дәстүрлеріне, сондай-ақ халықтарымыз арасындағы тұрақты жақындық пен бауырластыққа сүйене отырып, Ресей мен Қазақстан өз мемлекетаралық қарым-қатынастарын бір-бірінің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын өзара құрметтеудің мызғымас қағидаттарына негіздейді. Қорғаныс пен қауіпсіздік, сыртқы саясат, экономика, ғылым, білім, мәдениет және өнер сияқты барлық негізгі салаларда ынтымақтастық қарқынды түрде кеңейіп келеді", — деп атап өтті елші.
Сонымен қатар, Ресей, Қазақстан және басқа да достас мемлекеттердің бірлескен дипломатиялық күш-жігерінің арқасында Еуразиялық қауіпсіздік пен экономикалық интеграцияның өзегі қалыптасып жатыр. Бұл ретте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ оның іргетасы қызметін атқарады.
Бородавкин Мәскеу мен Астананың БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, БРИКС және АӨСШК аясында табысты ынтымақтасып отырғанын атап өтті.
"Дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына толатын кезекті мерейтой – мемлекетаралық деңгейде атқарылған ауқымды жұмыстарды саралап қана қоймай, Ресей мен Қазақстан халықтарының мүддесі жолында екіжақты байланыстардың барлық бағыттарын одан әрі кеңейту жоспарларын айқындауға да мүмкіндік береді", – деді елші.
Ол екі елдің сыртқы саяси ведомстволарына, дипломаттарға маңызды миссияны жүзеге асыруда табыс тіледі.