Қазақстан мен Ресей екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады

© Photo : Сыртқы істер министрлігіСыртқы істер министрі Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті
Сыртқы істер министрі Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Сыртқы істер министрі Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті
АСТАНА, 17 қыркүйек - Sputnik. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
"Сондай-ақ кездесуде ең жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, алдағы өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесін талқылады", - деп жазды Сыртқы істер министрлігі.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы әңгімелесіп, көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасты, дейді министрлік.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресейдің жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екендіктерін растады.
Посол РФ в Казахстане Алексей Бородавкин провел встречу в формате посольский час с экспертами КИСИ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесі талқыланды
Жаңалықтар
0