Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесі талқыланды

© Посольство России в Казахстане Посол РФ в Казахстане Алексей Бородавкин провел встречу в формате "посольский час" с экспертами КИСИ
Посол РФ в Казахстане Алексей Бородавкин провел встречу в формате посольский час с экспертами КИСИ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Жазылу
Қатысушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) сарапшылары мен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылады.
"Іс-шара барысында Ресей елшісі Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастар мен жан-жақты стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ өңірдегі және әлемдегі ахуалдың өзгеруіне қатысты өз көзқарасын білдірді", – делінген Ресей елшілігінің хабарламасында.
ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
"Елшілік сағаты" форматы ҚСЗИ-де дипломатиялық миссия басшылары мен институт сарапшылары арасында тікелей кәсіби диалогты дамыту мақсатында дәстүрлі түрде өткізіледі. Мұндай кездесулер екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік нышандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Омбы форумы: Қазақстан мен Ресей компаниялары 397 млрд теңгелік келісімшарттарға қол қойды
Жаңалықтар
0