Омбы форумы: Қазақстан мен Ресей компаниялары 397 млрд теңгелік келісімшарттарға қол қойды

© Акимат Восточно-Казахстанской области Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік нышандары
Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік нышандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Жазылу
Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында екі ел кәсіпкерлерінің серіктестікке деген жоғары қызығушылығы байқалды
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Омбыдағы ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумында қазақстандық және ресейлік компаниялар арасындағы келіссөздердің алғашқы нәтижелері қорытындыланып жатыр.
Форум аясында логистика, экология және өнеркәсіптік кооперация бойынша салалық сессиялар, жастар іс-шаралары, көрме, іскерлік кеңес отырысы және бизнес-нетворкинг платформасы өтті. Іс-шара алаңында 400-ден астам компания кездесті.
© Акимат Актюбинской области ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы
XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы
Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценконың айтуынша, іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 397 миллиард теңгеден асатын келісімшарттарға қол қойылды. Бұл екі ел кәсіпкерлерінің ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетеді, деді губернатор.
© Акимат Актюбинской области ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы
Даурен Абаев и Виталий Хоценко на XII Форуме межрегионального сотрудничества России и Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы
Ақтөбе облысы делегациясының өкілі Әлімбек Тұралиев панельдік сессияда білім беру, ғылым, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және еріктілік саласындағы қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтты. Ол мұндай форумдар озық тәжірибелермен алмасуға, бірлескен жобаларды әзірлеуге және екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін мәлімдеді.
© Акимат Актюбинской области ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы
XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
ХХІІ Ресей-Қазақстан өңіраралық ынтымақтастық форумы
"Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық бірлескен білім беру жобалары, ғылыми зерттеулер, кәсіпкерлік бастамалар және жастар алмасуы арқылы кеңейе беруі керек деп сенемін", - деді Тұралиев форумда.
Мемлекет басшылары қатысатын Ресей-Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Іс-шарада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы аймақтары арасындағы сауда-экономикалық, гуманитарлық, мәдени және ғылыми байланыстарды дамыту арқылы екі ел аймақтарындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Орынбор мен Шығыс Қазақстан облыстары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2026
Орынбор мен Шығыс Қазақстан облыстары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар
0