https://sputnik.kz/20261022/eaeo-nyn-ozbekstanmen-sauda-aynalymy-zheti-ayda-11-mlrd-dollardan-asty--sagyntaev-67874226.html
ЕАЭО-ның Өзбекстанмен сауда айналымы жеті айда 11 млрд доллардан асты — Сағынтаев
ЕАЭО-ның Өзбекстанмен сауда айналымы жеті айда 11 млрд доллардан асты — Сағынтаев
Sputnik Қазақстан
ЕЭК алқасының төрағасы Өзбекстан Республикасының Одақтың ТМД елдерімен жалпы сауда айналымындағы үлесі 66%-ды құрайтынын мәлімдеді 22.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-22T21:20+0500
2026-10-22T21:20+0500
2026-10-22T21:20+0500
еаэо
бақытжан сағынтаев
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/16/67869925_352:503:2704:1826_1920x0_80_0_0_512c94f81a73d3db932318521d6b5c14.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.Кездесу барысында ол Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес ТМД мемлекеттері арасындағы ЕАЭО-ның негізгі серіктесі екенін атап өтті.Шавкат Мирзиёевтің ұсынысы бойынша кедендік ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) атап өтуінше, бұл құжат кедендік операцияларды жеделдетуге, тауар ағынының ашықтығын арттыруға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлырақ жағдайлар жасауға септігін тигізеді.Сағынтаев сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Ташкент ұсынған Еуразиялық экономикалық интеграцияны ілгерілету жөніндегі бастамаларды жоғары бағалайтынын атап өтті.ЕЭК пен Өзбекстан үкіметі арасындағы 2024–2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 2030 жылға дейінгі жаңа жоспар әзірлену үстінде.2020 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді.
https://sputnik.kz/20261020/eaeo-men-indoneziya-arasyndagy-erkin-sauda-kelisimi-zhyl-sonyna-deyin-kushine-enui-mumkin-67696216.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/16/67869925_609:494:2591:1980_1920x0_80_0_0_ff583b93c987370da9c4b8cb2b1ffaa6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, бақытжан сағынтаев, өзбекстан
еаэо, бақытжан сағынтаев, өзбекстан
ЕАЭО-ның Өзбекстанмен сауда айналымы жеті айда 11 млрд доллардан асты — Сағынтаев
ЕЭК алқасының төрағасы Өзбекстан Республикасының Одақтың ТМД елдерімен жалпы сауда айналымындағы үлесі 66%-ды құрайтынын мәлімдеді
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Кездесу барысында ол Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес ТМД мемлекеттері арасындағы ЕАЭО-ның негізгі серіктесі екенін атап өтті.
"2026 жылғы қаңтар мен шілде аралығында Өзбекстанмен сауда айналымы 11 миллиард доллардан асып, Одақтың аталған елдермен жалпы саудасының 66 пайызын құрады. 2025 жылы сауда айналымы 17,4 миллиард долларға жетті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көп", — деді ЕЭК алқасының төрағасы.
Шавкат Мирзиёевтің ұсынысы бойынша кедендік ақпарат алмасу туралы халықаралық келісімді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) атап өтуінше, бұл құжат кедендік операцияларды жеделдетуге, тауар ағынының ашықтығын арттыруға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлырақ жағдайлар жасауға септігін тигізеді.
Сағынтаев сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Ташкент ұсынған Еуразиялық экономикалық интеграцияны ілгерілету жөніндегі бастамаларды жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Біз электронды деректер алмасу, жүк тасымалдауды цифрландыру, цифрлық қызметтерді интеграциялау және электронды коммерцияны дамыту салаларында диалогты кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Біз бизнеске де, азаматтарға да нақты пайда әкеле алатын жобалар бойынша мазмұнды талқылаулар жүргізуге дайынбыз", – деді ЕЭК алқасының төрағасы.
ЕЭК пен Өзбекстан үкіметі арасындағы 2024–2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Қазірдің өзінде 2030 жылға дейінгі жаңа жоспар әзірлену үстінде.
2020 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді.