https://sputnik.kz/20261020/eaeo-men-indoneziya-arasyndagy-erkin-sauda-kelisimi-zhyl-sonyna-deyin-kushine-enui-mumkin-67696216.html
ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда келісімі жыл соңына дейін күшіне енуі мүмкін
ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда келісімі жыл соңына дейін күшіне енуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Келісім күшіне енуі үшін ЕАЭО-ға мүше бес елдің әрқайсысы ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтауы қажет 20.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-20T14:12+0500
2026-10-20T14:12+0500
2026-10-20T14:12+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/11/67669209_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_5c5c8e5344c1d0070ef9ed6d6e1a2130.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісім жыл соңына дейін күшіне енуі мүмкін. Бұл туралы Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Груздев мәлімдеді.Ол келісім күшіне енуі үшін ЕАЭО-ға мүше бес елдің әрқайсысы ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтауы қажет екенін түсіндірді.Министрдің орынбасарының айтуынша, келісім тауарлардың кең ауқымын қамтиды және өзара баж салығын іс жүзінде нөлге дейін төмендетуді көздейді.ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2025 жылғы 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол қойылған.Құжат тауар номенклатурасының 90 пайыздан астамына қатысты бажсыз сауда режимін енгізуді көздейді. Келісімнің күшіне енуі үшін Индонезия мен одаққа мүше елдер – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан ратификациялау рәсімдерін аяқтауы қажет.
https://sputnik.kz/20261016/qazaqstannyn-eaeo-elderimen-ozara-saudasy---infografika-67647589.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/11/67669209_199:0:2930:2048_1920x0_80_0_0_df6982fa0b2934c48de8fbb28d131c08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда келісімі жыл соңына дейін күшіне енуі мүмкін
Келісім күшіне енуі үшін ЕАЭО-ға мүше бес елдің әрқайсысы ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтауы қажет
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісім жыл соңына дейін күшіне енуі мүмкін. Бұл туралы Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Алексей Груздев мәлімдеді.
"Одаққа мүше елдердің басым бөлігі ратификациялау рәсімдерін аяқтағанын ғана айта аламын. Жақында Индонезия президенті Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, келісімді ратификациялау туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Демек, аз ғана жұмыс қалды. Келісім жыл соңына дейін күшіне енеді деп ойлаймын", - деді Груздев.
Ол келісім күшіне енуі үшін ЕАЭО-ға мүше бес елдің әрқайсысы ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтауы қажет екенін түсіндірді.
Министрдің орынбасарының айтуынша, келісім тауарлардың кең ауқымын қамтиды және өзара баж салығын іс жүзінде нөлге дейін төмендетуді көздейді.
ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2025 жылғы 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол қойылған.
Құжат тауар номенклатурасының 90 пайыздан астамына қатысты бажсыз сауда режимін енгізуді көздейді. Келісімнің күшіне енуі үшін Индонезия мен одаққа мүше елдер – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан ратификациялау рәсімдерін аяқтауы қажет.