https://sputnik.kz/20261022/atletiko-madrid-bas-direktory-qazaqstandagy-futbol-akademiyasyn-zhogary-bagalady-67861610.html
"Атлетико Мадрид" бас директоры Қазақстандағы футбол академиясын жоғары бағалады
"Атлетико Мадрид" бас директоры Қазақстандағы футбол академиясын жоғары бағалады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев "Атлетико Мадридпен" серіктестікті жаңа деңгейге көтеруді ұсынды 22.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-22T14:37+0500
2026-10-22T14:37+0500
2026-10-22T14:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
футбол
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/16/67860990_0:99:2560:1539_1920x0_80_0_0_2a47df807b8472bc5bdde4db7a67e0c0.jpg
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.Бұдан бөлек, президент ФИФА-мен бірге барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынғанына назар аударды.Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасы мен испаниялық футбол мектебінің жетістіктеріне айрықша тоқталып, осы озық тәжірибені терең зерделеуге және оны қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісінде пайдалануға мүдделі екенімізді атап өтті."Атлетико Мадрид" клубының бас директоры елімізде футболды қолдауға ерекше назар аударғаны үшін президентке ризашылығын жеткізді.Ол Алматы облысындағы "Атлетико Мадрид" академиясының инфрақұрылымы туралы оң пікір білдіріп, оның келешекте футболға арналған үздік оқу-жаттығу кешендерінің бірі болатынын айтты.
https://sputnik.kz/20260911/aqtobede-65-mlrd-tengege-futbol-stadiony-salynady-66545631.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/16/67860990_97:0:2464:1775_1920x0_80_0_0_bb12e4690172efc9a1cc6d6e64698f46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, футбол
қасым-жомарт тоқаев, футбол
"Атлетико Мадрид" бас директоры Қазақстандағы футбол академиясын жоғары бағалады
Тоқаев "Атлетико Мадридпен" серіктестікті жаңа деңгейге көтеруді ұсынды
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан заманауи футбол инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Сонымен қатар елдегі футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі жалғасуда", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, президент ФИФА-мен бірге барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынғанына назар аударды.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасы мен испаниялық футбол мектебінің жетістіктеріне айрықша тоқталып, осы озық тәжірибені терең зерделеуге және оны қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісінде пайдалануға мүдделі екенімізді атап өтті.
"Атлетико Мадрид" клубының бас директоры елімізде футболды қолдауға ерекше назар аударғаны үшін президентке ризашылығын жеткізді.
Ол Алматы облысындағы "Атлетико Мадрид" академиясының инфрақұрылымы туралы оң пікір білдіріп, оның келешекте футболға арналған үздік оқу-жаттығу кешендерінің бірі болатынын айтты.