Ақтөбеде 6,5 млрд теңгеге футбол стадионы салынады

© Sputnik / Владислав ВодневФутбол қақпасы
Футбол қақпасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
35 мың көрерменге шақталған нысан 2028 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілмек
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбе қаласында футбол стадионын салуға үкімет резервтен 6,5 млрд теңге қаражат бөлінді.
Сыйымдылығы 35 мың көрерменге дейін жететін жаңа заманауи стадион қаланың батыс бөлігінде, ауданы 25 гектар болатын аумақта салынып жатыр. Кешен өңірдегі ең ірі спорт инфрақұрылымы нысандарының біріне айналмақ, онда жас спортшылар даярланатын болады.

"Стадион УЕФА-ның 4-деңгейінің талаптарына сәйкес жобаланған, онда жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты спорт ғимаратының құрылысы салынбақ. Нысанда футбол алаңы мен көрермендер трибуналарынан басқа командалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған инфрақұрылым болмақ", - дейді үкіметтің баспасөз қызметі.

Жобаны үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланған. Үкімет бөлген 6,5 млрд теңге биыл басталған бірінші кезеңге бағытталатын болады. Нысан құрылысы 2028 жылдың қыркүйегінде аяқталып, пайдалануға берілмек.

Ақтөбенің бұған дейінгі бар орталық стадионы 1975 жылы салынған және шамамен 13 мың көрерменге есептелген. Десе де, "Ақтөбе" ФК-нің өз алаңында өткізетін матчтарына деген жанкүйерлердің қызығушылығы күннен-күнге артып келеді: ойындарды көргісі келетіндер саны кейде аренаның көлемінен үш есе асып кетіп жатады. Сондықтан жаңа стадионның құрылысы қаланың нақты қажеттілігінен туындап отыр, өйткені оның спорттық өмірінде футбол ойыны бұрыннан-ақ маңызы зор.

Жаңа арена келушілерді көбірек қабылдауға, халықаралық деңгейдегі матчтарды, сондай-ақ ірі спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
Ақтауда жаңа стадионның құрылысы басталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2026
Ақтауда жаңа стадионның құрылысы басталды – әкімдік эскизін көрсетті
Жаңалықтар
0