https://sputnik.kz/20261022/alyp-ketshi-dep-zhylaydy-aqbayan-muqangalieva-algash-ret-sukhbat-berdi-67846783.html
"Алып кетші деп жылайды": Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет сұхбат берді
"Алып кетші деп жылайды": Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет сұхбат берді
Sputnik Қазақстан
Ақбаян Мұқанғалиева әр баласының аты мен туған жылын жатқа біледі. Балаларына апта сайын барып тұрады 22.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-22T10:48+0500
2026-10-22T10:48+0500
2026-10-22T11:02+0500
атырау облысы
трагедия
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Атырау облысында күйеу баланың қолынан көз жұмған отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева атышулы істен кейін алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.Бұған дейін Ақбаян көп уақытын ұйқымен өткізсе, қазір айналасына назар аударып, адамдармен сөйлесе бастаған. Тіпті, соңғы кездері туған ауылын, ата-анасы мен бауырларын жиі сұрайтын болыпты. Бірақ туыстары ештеңе айтпай отыр.Дәрігерлер Ақбаянның нақты диагнозын айтпаған. Ал өзі бесінші баланы босанғаннан кейін сырқаттанып, содан көп жайтты ұмыттым деп отыр. Дегенмен әр баласының аты мен туған жылын жатқа біледі. Балаларына апта сайын барып тұрады.Туыстарының айтуынша, ол бұрынғы өмірін біледі, ағайынын таниды. Алайда бесінші баласын дүниеге әкелгеннен кейінгі кезең жадынан өшкен. Әлі де ұмытшақтық бар. Соған қарамастан, соңғы уақытта оң өзгеріс байқалған. Ендігі мақсат – оңалуды тоқтатпай, білікті мамандарға қарату. Оған қаражат қажет.Айта кетері, Ақбаян Мұқанғалиева – Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік қылмыстың құрбаны болған отбасының кенже қызы, бір әулеттің төрт адамын аяусыз қырып салған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы әйелі. Олардың бес баласы бар. Қазір барлығы балалар үйінде. Ал Ақбаянды Индонезиядан елге жеткізілгеннен кейін жүйке аурулар ауруханасына жатқызған. Денсаулығына байланысты сот процесіне де қатыса алмады. Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
https://sputnik.kz/20260528/sarsemalievke-qatysty-sot-kudikti-qayyn-apkesin-32-ret-pyshaqtagan--63774015.html
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, трагедия
"Алып кетші деп жылайды": Ақбаян Мұқанғалиева алғаш рет сұхбат берді
10:48 22.10.2026 (жаңартылды: 11:02 22.10.2026) Ақбаян Мұқанғалиева әр баласының аты мен туған жылын жатқа біледі. Балаларына апта сайын барып тұрады
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Атырау облысында күйеу баланың қолынан көз жұмған отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева атышулы істен кейін алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан КТК арнасына
сілтеме жасап.
Бұған дейін Ақбаян көп уақытын ұйқымен өткізсе, қазір айналасына назар аударып, адамдармен сөйлесе бастаған. Тіпті, соңғы кездері туған ауылын, ата-анасы мен бауырларын жиі сұрайтын болыпты. Бірақ туыстары ештеңе айтпай отыр.
Дәрігерлер Ақбаянның нақты диагнозын айтпаған. Ал өзі бесінші баланы босанғаннан кейін сырқаттанып, содан көп жайтты ұмыттым деп отыр. Дегенмен әр баласының аты мен туған жылын жатқа біледі. Балаларына апта сайын барып тұрады.
"Балалардың кішкентайы алып кетші деп жылайды. Үлкендері түсінеді. Иә, психологқа барып жүрмін.Таңертең, аптасына екі рет. Басқа ешқайда қаралып жатқан жоқпын. Басым мазаласа, кетеді ғой. Бірақ қатты ауырып жүрген жоқпын", - дейді Ақбаян.
Туыстарының айтуынша, ол бұрынғы өмірін біледі, ағайынын таниды. Алайда бесінші баласын дүниеге әкелгеннен кейінгі кезең жадынан өшкен. Әлі де ұмытшақтық бар. Соған қарамастан, соңғы уақытта оң өзгеріс байқалған. Ендігі мақсат – оңалуды тоқтатпай, білікті мамандарға қарату. Оған қаражат қажет.
Айта кетері, Ақбаян Мұқанғалиева – Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік қылмыстың құрбаны болған отбасының кенже қызы, бір әулеттің төрт адамын аяусыз қырып салған Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы әйелі. Олардың бес баласы бар. Қазір барлығы балалар үйінде. Ал Ақбаянды Индонезиядан елге жеткізілгеннен кейін жүйке аурулар ауруханасына жатқызған. Денсаулығына байланысты сот процесіне де қатыса алмады. Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.