https://sputnik.kz/20260528/sarsemalievke-qatysty-sot-kudikti-qayyn-apkesin-32-ret-pyshaqtagan--63774015.html
Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті қайын әпкесін 32 рет пышақтаған
Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті қайын әпкесін 32 рет пышақтаған
Sputnik Қазақстан
Сотта Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара ғана мойындады 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T14:37+0500
2026-05-28T14:37+0500
2026-05-28T15:46+0500
қылмыс
сот
пышақтау
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_0:312:3000:2000_1920x0_80_0_0_83d2ce9d67da6303787348f244cdc526.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Атыраудағы бір отбасының төрт мүшесін ажал құштырған Сәрсемалиевке қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақ жайық" ақпараттық порталына сілтеме жасап.Бір отбасының үш адамын қасақана, біреуін абайсызда өлтірдім деп мәлімдеген сотталушы Сәрсемалиев жаға ұстатарлық қылмысы туралы айтты.Қылмыстық іс Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралып жатыр. Атышулы істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Ол бұған дейін кісі қолынан қатігездікпен ажал құшқан Яна Легкодимоваға қатысты істі қараған болатын.Сотта Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара ғана мойындады. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспеймін деді. Сәрсемалиевтің айтуынша, ол қорғанамын деп Мұқанғалиевті өлтіріп алған.Ал қалған эпизодтар бойынша сотталушы қылмысты қасақана жасаған. Сәрсемәлиев жұбайының әкесі Максот Қарабалинге - 9 рет, анасы Нәсіп Өтешқалиеваға - 8 рет, бауыры Наурыз Мұқанғалиевке - 10 рет, әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққан. Сәрсемалиев сондай-ақ ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындады. Бұл әрекеттерге ол қылмысын жасыру үшін барған.Сәрсемалиев өзіне айып ретінде тағылған 13 баптың тек біреуін ғана мойындамады.Еске сала кетейік, Атырау облысы Жангелдин ауылында жантүршігерлік оқиға болды. Бір отбасының 4 адамы кісі қолынан қаза болды. Күдікті – күйеу баласы.Сәрсемалиев бұл қанды қылмысқа баруына отбасында көптен бері болған жанжал себеп болғанын айтқан.
https://sputnik.kz/20260518/ar-namysyma-tidi-sotta-atyraudagy-qandy-qylmystyn-man-zhayy-belgili-boldy-63532717.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/901/98/9019849_90:0:2757:2000_1920x0_80_0_0_7913174e9ee5db9da1cc87e37db2a572.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, сот, пышақтау
Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті қайын әпкесін 32 рет пышақтаған
14:37 28.05.2026 (жаңартылды: 15:46 28.05.2026) Сотта Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара ғана мойындады
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Атыраудағы бір отбасының төрт мүшесін ажал құштырған Сәрсемалиевке қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Ақ жайық" ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Бір отбасының үш адамын қасақана, біреуін абайсызда өлтірдім деп мәлімдеген сотталушы Сәрсемалиев жаға ұстатарлық қылмысы туралы айтты.
Қылмыстық іс Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта қаралып жатыр. Атышулы істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Ол бұған дейін кісі қолынан қатігездікпен ажал құшқан Яна Легкодимоваға қатысты істі қараған болатын.
Сотта Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара ғана мойындады. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспеймін деді. Сәрсемалиевтің айтуынша, ол қорғанамын деп Мұқанғалиевті өлтіріп алған.
Ал қалған эпизодтар бойынша сотталушы қылмысты қасақана жасаған. Сәрсемәлиев жұбайының әкесі Максот Қарабалинге - 9 рет, анасы Нәсіп Өтешқалиеваға - 8 рет, бауыры Наурыз Мұқанғалиевке - 10 рет, әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққан. Сәрсемалиев сондай-ақ ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындады. Бұл әрекеттерге ол қылмысын жасыру үшін барған.
Сәрсемалиев өзіне айып ретінде тағылған 13 баптың тек біреуін ғана мойындамады.
Еске сала кетейік, Атырау облысы Жангелдин ауылында жантүршігерлік
оқиға болды. Бір отбасының 4 адамы кісі қолынан қаза болды. Күдікті – күйеу баласы.
Сәрсемалиев бұл қанды қылмысқа баруына отбасында көптен бері болған жанжал
себеп болғанын айтқан.