Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіАлматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм шала туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті
Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм шала туған нәрестенің өмірі үшін 70 күн күресті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
Қазір сәбидің салмағы 1 800 граммға жеткен
АСТАНА, 22 қазан - Sputnik. Алматы қаласындағы № 2 қалалық перинаталдық орталықтың мамандары салмағы небәрі 679 грамм болып шала туған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Нәресте реанимацияда 70 күн, өкпені жасанды желдету аппаратында 43 күн жатқан.

"Ұл бала 8 тамызда жүктіліктің 26 аптасы мен 6 күнінде дүниеге келген. Анасы шұғыл түрде перинаталдық орталыққа жеткізілген. Жүктілік кезіндегі асқынуларға байланысты медициналық көрсетілімдер бойынша кесір тілігі жасалған", - дейді министрлік.

Сәби реанимациядан шығып, анасының қасына жатқызылды.

Қазір нәрестенің туғанына 75 күн болды. Салмағы 1 800 граммға жетті. Үшінші күн қатарынан анасымен бірге палатада жатыр.
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Дәрігерлер Таиландта шала туған қазақстандық сәбиді аман алып қалды
Жаңалықтар
0