360 келі мал еті өртелді: Астанада ет өңдеумен айналысқан жасырын цех анықталған

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігі360 келі мал еті өртелді: Астанада ет өңдеумен айналысқан жасырын цех анықталды
360 келі мал еті өртелді: Астанада ет өңдеумен айналысқан жасырын цех анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2026
Жазылу
Шығу тегі белгісіз ірі және ұсақ қара мал етінен сынамалар алынған
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Астанада республикалық "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ауыл шаруашылығы жануарлардың етін өңдеу және мүшелеумен айналысқан заңсыз цех анықталды.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының мәліметінше, аталған нысанда 2-санаттағы объектілерге қойылатын талаптарға сәйкес қажетті рұқсатсыз ет өнімдері өңделген. Атап айтқанда, ветеринариялық-санитариялық қорытынды мен есептік нөмір болмаған.

"Анықталған дерек бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қой етінен сынамалар алып, зерттеу жүргізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана қаласындағы өңірлік филиалына жолданды", - деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Құқық бұзушылыққа кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.

Шығу тегі белгісіз ірі және ұсақ қара малдың жалпы салмағы 360 келі болатын ішкі ағзалары мен қосалқы өнімдері "Астана-Ветсервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының пеш-инсинераторында өртеу арқылы жойылды.
Торговые сети Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Иіс шығып, шыбындар қаптаған: Астанада дүкендер мен дәмханаларға қауіпті ет жеткізілген
Жаңалықтар
0