Иіс шығып, шыбындар қаптаған: Астанада дүкендер мен дәмханаларға қауіпті ет жеткізілген

© Photo : Минторговли и интеграции КазахстанаТорговые сети Астаны
Торговые сети Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Жазылу
Үш тоннадан астам ет өнімі анықталды
АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Елордада полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйлердің бірінде заңсыз жұмыс істеген ет өнімдерін өңдеу цехын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру кезінде оның ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Дайын өнімдер қаланың жеке дүкендері мен дәмханаларына жеткізіліп отырған.

Шығу тегі мен сапасы белгісіз үш тоннадан астам ет өнімі анықталды. Цехта температуралық режимдер сақталмаған, ет антисанитариялық жағдайда сақталған.

Еттің бір бөлігінде өткір жағымсыз иіс шыққан, шыбындар қаптаған және тағам ретінде пайдалануға жарамсыз екенін көрсететін өзге де белгілер анықталған.

Барлық өнім жойылды. Заңсыз цех иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.
Түркістан тұрғыны ет сататындарды алдап кеткен - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2025
Кентауда 39 жастағы әйел ет сататындарды 20 млн теңгеге алдап кеткен
Жаңалықтар
0