"Жетісу Май" зауытында жоспардан тыс тексеру басталды

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуПроизводство растительного масла в Краснодарском крае
Производство растительного масла в Краснодарском крае - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, тиісті шаралар қабылданады
АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Жетісу облысындағы "Жетісу Май" зауытына қатысты жоспардан тыс тексеру басталды. Бұған әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба себеп болған. Бұл туралы облыстық экология департаменті хабарлады.
Әлеуметтік желіде тараған видеода зауыт маңындағы терең шұңқырдың белгісіз сұйықтыққа толғаны көрсетілген. Бейнежазба авторының айтуынша, майға ұқсас сұйықтық бұл жерге үнемі төгіледі.
Осы жағдайға байланысты облыстық экология департаменті тексеру жұмыстарын бастады.
"Қазіргі уақытта экология департаменті "Жетісу Май" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру аясында департаменттің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары зертханалық зерттеуге жіберу үшін топырақ сынамаларын алды", – деп хабарлады ведомство.
Департамент мәліметінше, тексеру нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, тиісті шаралар қабылданады.
Экологтар тексеру қорытындысы мен қабылданған шаралар туралы қосымша ақпарат беруге уәде етті.
Қорғаныс министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: үкімет пен салалық органдарға 57 нақты ұсыным жолданды
Жаңалықтар
0