https://sputnik.kz/20261005/qorganys-ministrligindegi-tekseris-ukimet-pen-salalyq-organdarga-57-naqty-usynym-zholdady-67319255.html
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: үкімет пен салалық органдарға 57 нақты ұсыным жолданды
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: үкімет пен салалық органдарға 57 нақты ұсыным жолданды
Sputnik Қазақстан
Аудит аясында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуалға баға беріледі 05.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-05T16:29+0500
2026-10-05T16:29+0500
2026-10-05T16:31+0500
президент
қорғаныс министрлігі
жоғары аудиторлық палата
https://sputnik.kz/img/1424/64/14246401_41:0:3682:2048_1920x0_80_0_0_ec1e45309ce1dee0367fd65aba54dd84.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне қатысты жоспардан тыс жүргізіліп жатқан аудит туралы есеп берілді.Аудит аясында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуалға баға беріледі.Атап айтқанда, әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жеке құрамның даярлығы, әскери оқу-жаттығу жиындарының өткізілуі, әскери инфрақұрылымның дамуы, қару-жарақ пен техниканың жаңғыруы, цифрлық жүйелердің ақаусыз жұмыс істеуі түгел тексеріледі.Сонымен қатар мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы баяндалды.Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысы туралы айтты. Жиынға 19 елдің өкілі қатысқан. Мұндай форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.Кездесу соңында президент Қорғаныс министрлігінде аудит жүргізуге және тұтас мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260927/toqaev-zhana-qorganys-ministrine-qaru-zharaq-pen-tekhnikany-zhangyrtu-mindetin-zhuktedi-67079303.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1424/64/14246401_496:0:3227:2048_1920x0_80_0_0_989f0abf3723ea90d63442efa0d60f96.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қорғаныс министрлігі, жоғары аудиторлық палата
президент, қорғаныс министрлігі, жоғары аудиторлық палата
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: үкімет пен салалық органдарға 57 нақты ұсыным жолданды
16:29 05.10.2026 (жаңартылды: 16:31 05.10.2026) Аудит аясында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуалға баға беріледі
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігіне қатысты жоспардан тыс жүргізіліп жатқан аудит туралы есеп берілді.
"Ауқымды тексеріс 50 нысанды, соның ішінде 48 әскери бөлімді қамтиды. Осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінің жетекші мамандарынан, сондай-ақ IT және байланыс саласы сарапшыларынан арнайы топ жасақталды", - деп жазылған хабарламада.
Аудит аясында Қарулы күштер қызметінің барлық негізгі бағытындағы ахуалға баға беріледі.
Атап айтқанда, әскери бөлімшелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, жеке құрамның даярлығы, әскери оқу-жаттығу жиындарының өткізілуі, әскери инфрақұрылымның дамуы, қару-жарақ пен техниканың жаңғыруы, цифрлық жүйелердің ақаусыз жұмыс істеуі түгел тексеріледі.
"Президентке мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырысына жүргізілген аудиттің нәтижелері таныстырылды. Жоғары аудиторлық палата тексеріс қорытындысы бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Үкіметке және салалық мемлекеттік органдарға 57 нақты ұсыным мен тапсырма жолдады", - деп хабарлады Ақорда.
Сонымен қатар мемлекет басшысына экономикалық даму мен әлеуметтік саланың басым бағыттарын қамтитын жоспарлы аудиторлық тексерістің барысы баяндалды.
Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов Астанада өткен Азия жоғары аудит органдары ұйымы Басқарма кеңесінің 63-отырысының қорытындысы туралы айтты. Жиынға 19 елдің өкілі қатысқан. Мұндай форматтағы іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.
Кездесу соңында президент Қорғаныс министрлігінде аудит жүргізуге және тұтас мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.