https://sputnik.kz/20260927/toqaev-zhana-qorganys-ministrine-qaru-zharaq-pen-tekhnikany-zhangyrtu-mindetin-zhuktedi-67079303.html
Президент жаңа қорғаныс министріне қару-жарақ пен техниканы жаңғырту міндетін жүктеді
Президент жаңа қорғаныс министріне қару-жарақ пен техниканы жаңғырту міндетін жүктеді
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді 27.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-27T13:49+0500
2026-09-27T13:49+0500
2026-09-27T13:56+0500
президент
қорғаныс министрі
әскери борыш
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1b/67078830_47:0:1233:667_1920x0_80_0_0_ce6a56d40a6b25f8fad798a5a953cf18.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін айтты.Сондай-ақ мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға адалдық қасиетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді.
https://sputnik.kz/20260927/zhana-qorganys-ministri-tagayyndaldy-67076850.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1b/67078830_195:0:1084:667_1920x0_80_0_0_9125ab2994b014bb88d2e7b40e2b83ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қорғаныс министрі, әскери борыш
президент, қорғаныс министрі, әскери борыш
Президент жаңа қорғаныс министріне қару-жарақ пен техниканы жаңғырту міндетін жүктеді
13:49 27.09.2026 (жаңартылды: 13:56 27.09.2026) Сонымен қатар әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін айтты.
"Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде міндеттер жүктеді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға адалдық қасиетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.
Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді.