Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын – Зеленский

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Украина бейбітшілікке қол жеткізу бойынша нақты ұсыныстар әзірледі, деп мәлімдеді Зеленский
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Ослода өткен баспасөз мәслихатында Украина Ресей және АҚШ-пен үшжақты кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазды Strana.ua басылымы.
"Мемлекет басшылары деңгейінде үшжақты келіссөзге көшуді ұсынамын. Украина бейбітшілікке қол жеткізу бойынша нақты ұсыныстар әзірледі және олардың ертең Ресей тарапына жеткізілгенін қалайды", – деп атап өтті Зеленский.
Сейсенбі күні Норвегияда Владимир Зеленскийдің, ел премьер-министрі Йонас Гар Стёренің, Финляндия президенті Александр Стуббтың және АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың қатысуымен кездесу өтті. АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер келіссөзге онлайн форматта қосылды.
Мәскеу бұған дейін Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөзді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеген. Қазіргі уақытта келіссөздің жаңа кезеңін қазан айында өткізу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Мұндай форматтағы алдыңғы кездесу ақпан айында Женевада өткен.
Дональд Трамп и Владимир Зеленский, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Трамптан энергетикалық бітім жариялауды сұрады
Жаңалықтар
0