Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Трамптан энергетикалық бітім жариялауды сұрады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДональд Трамп и Владимир Зеленский, архивное фото
Дональд Трамп и Владимир Зеленский, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
Зеленский егер мұндай келісімге келу мүмкін болмаса, онда Patriot жүйелерін алғысы келетінін айтты
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтату туралы үндеуін орындау үшін оған шарт қойды.
"Егер сіз осы жағдайды шешуге көмектесуімізді сұрасаңыз, әрине, серіктес ретінде көмектесеміз. Бірақ энергетикалық бітім жариялауды сұраймыз", - деді ол Financial Times басылымына берген сұхбатында.
Зеленский егер мұндай келісімге келу мүмкін болмаса, онда Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін алғысы келетінін айтты.
Сонымен қатар, ол журналистерге берген сұхбатында Starlink қызметін пайдалану мүмкіндіктеріне шектеу енгізілуіне байланысты Трампты алдады деп айыптады.
9 қазан, жұма күні Майамиде АҚШ делегациясы Украина өкілдерімен кездесті. БАҚ мәліметінше, кездесу мерзімінен бұрын аяқталған. Бұған Ақ үй басшысының Ресеймен дизель отынын жеткізуге қатысты келісім жасауы себеп болған көрінеді.
Бұған дейін Трамптың өкілдері Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтатпаса, Украинаға барлау мәліметтерін беру тоқтатылуы мүмкін екенін ескерткені туралы ақпарат тараған.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Украинаға арналған Patriot зымырандарының пакеті туралы келіскенін мәлімдеді
Жаңалықтар
0