Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды
Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Жазылу
Құны 9 млрд теңге болатын зауыт мал сүйегін өңдейді
АЛМАТЫ, 21 қазан - Sputnik. Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекенінде мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өндіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Ірі қара мал сүйегін кәдеге жаратып, одан қосылған құны жоғары өнім өндіретін жаңа кәсіпорынды іске қосуға "Huating Biotechnology Co, LTD" ЖШС 9 млрд теңге қаржы бағыттаған.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды
Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды
"Кәсіпорынға Ордабасы ауданының Темірлан елді мекенінен "Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" арқылы 10 гектар жер учаскесі берілді. Жобаның бірінші кезеңіне 2,5 млрд теңге инвестиция салынды", - делінген хабарламада.
Компания алғашқы кезеңде пептон компоненттерін өндіруді жоспарласа, алдағы уақытта желатин компоненттерін өндірмек.
© Photo : Түркістан облысынң әкімдігіТүркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды
Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды
Қазіргі таңда кәсіпорында құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, негізгі технологиялық жабдықтар орнатылды. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы – жылына 5 мың тонна өнім. Өндіріс орнының іске қосылуы нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды
Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2026
Түркістан облысында май мен желатин өндіретін зауыт іске қосылды
Айта кетейік, пептон – биотехнология, микробиология және фармацевтика салаларында қолданылатын маңызды компонент. Оны өндіру ауыл шаруашылығы шикізатын тиімді пайдалануға және өңдеу өнеркәсібінде жаңа өндірістік бағытты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақмола облысында жаңа зауыт салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Балық азығын өндіреді: Ақмола облысында жаңа зауыт салынып жатыр
Жаңалықтар
0